Тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі Оператор "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС Тараз НОД-8 сыныптан тыс станциясы (ЖТ Жамбыл бөлімшесі)

от 147257
НОД-8 (Жамбылское отделение ГП) Жамбыл облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
10

Қаралған саны:
262

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

1. Поездың салмағы мен ұзындығының белгіленген нормаларын сақтай отырып, жүк поездарын қалыптастырудың қолданыстағы жоспарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
2.Жедел бұйрық және жедел хабарламаны берумен кідіріс себептерінің жіктеуіші негізінде өз құрамындағы қозғалыстан уақытша шеттетілген (тастанды) поездарға жалпы ф.ГУ-23 актісін сапалы ресімдеуді жүргізеді;
3.Бекеттерден бөлшектеу поездарына тасымалдау құжаттарының уақтылы алынуын және өз құрамындағы поездарға құжаттарды қол қойғыза отырып және жүк түсіруге, тиеуге, (комбракиге) тауар кассасына келген жүктері бар жергілікті вагондарға уақтылы жеткізілуін бақылайды;
4.Сұрыптау паркінің жолдарында ұзақ уақыт жұмыс істемейтін вагондарды ДСО өтінімдер кітабына жазумен анықтайды, жеделдетіп жөнелту шараларын қабылдайды;
5.НОДГП-8 станциялары арасындағы вагондардың бос жүруіне, сондай-ақ вагондарды жедел қайтарудың қолданыстағы режимінің сақталуына бақылау жүргізеді.

Біліктілік талаптары:

Білім орта (техникалық және кәсіптік)
Саладағы мамандық Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты бақылау
Жұмыс тәжірибесі тәжірибе қажет емес

Қажетті білім дәрежесі

  • Техникалық және кәсіптік білім беру