"ҚТЖ- Жүк тасымалы» ЖШС - "ЖТ Ақмола бөлімшесі" филиалы Макинка 2 -класс станциясының тауарлық кассирі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- ауысымдық нысаналы нұсқамадан өтеді, ауысымға жұмысты жоспарлау бойынша планерлік кеңестерге қатысады, қолда бар телеграф нұсқауларымен, бұйрықтармен және өкімдермен танысады
- хабарламалар мен тасымалдардың барлық түрлері бойынша тасымалдау төлемдерін есептеуді жүргізеді (МТТ қоспағанда - МТТ ТехПД септейді)
- жүк жөнелтушілерден, жүк алушылардан бірінші кезекте тиесілі қосымша алымдар мен айыппұлдарды алады
- жүк жөнелтушілердің ГНГ, ЕТСНГ сәйкес жүктердің атаулары мен кодтарын дұрыс көрсетуін бақылауды жүзеге асырады
- 72,73,75 мекенжайларын тіркейді және жүргізеді
- ГУ-46 нысанындағы вагондарды беру және жинау ведомостарын және жүк пен багажды қабылдап - тапсырушының ГУ-23 жалпы нысанындағы актілерін уақтылы есепке тапсыруға бақылауды жүзеге асырады
- АСУ СТ -та ГУ-46 нысанындағы вагондарды беру және жинау ведомостерін АСУ СТ-ға енгізілген ГУ-45 жадынамаларының негізінде қалыптастырады
- вагондарды беру және жинау ведомостарын жалпы нысандағы актілерді таксилеуді жүргізеді, тарифтік басшылыққа сәйкес қосымша алымдарды есептейді және өндіріп алады
Біліктілік талаптары:
Біліктілік талаптары:
Білімі: жоғары, орта кәсіптікМамандығы: Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару (теміржол көлігі) немесе теміржол көлігіндегі коммерциялық қызмет.
Мамандық бойынша немесе белгілі бір лауазымдағы жұмыс өтілі жоғары : 2 жылдан кем емес, соның ішінде жүкті қабылдап тапсырушысы, пойыздарды қабылдаушысы, тасымалдау құжаттарын өңдеу операторы болып кем дегенде 1 жыл жұмыс жасауы қажет.
орта: 3 жылдан кем емес, соның ішінде жүкті қабылдап тапсырушысы, пойыздарды қабылдаушысы, тасымалдау құжаттарын өңдеу операторы болып кем дегенде 1 жыл жұмыс жасауы қажет.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Колледж
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Орташа)
- Орыс тілі (Озат)