"ҚТЖ-Жүк тасымалы"ЖШС-"ЖТ Ақмола бөлімшесі" филиалы Нұр-сұлтан ст. өндірістік қауіпсіздік және экология секторының 1 санатты еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженер-технолог
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- кәсіпорын бөлімшелерінде қолданыстағы заңнаманың, еңбек ауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария жөніндегі нұсқаулықтардың, қағидалар мен нормалардың сақталуын, қызметкерлердің еңбек жағдайлары бойынша белгіленген жеңілдектер мен өтемақылар беруін бақылауды жүзеге асырады
- еңбек жағдайларын жақсарту және еңбекті қорғау, станция қызметкерлерінің денсаулығын нығайту жөніндегі перспективалық және жылдық жоспарлардың жобаларын әзірлеуге қатысады
- жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын зерделейді неғұрлым жетілдірілген сақтандыру құрылғылары мен басқа да қорғау құралдарын, қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасау жөніндегі іс-шараларды өндірістің ерекшелігін ескере отырып, еңбек пен демалыстың ұтымды режимін енгізуге қатысады
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, бақылау, бағалау, есепке алу, еңбекті қорғау жай-күйін талдау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды, үйлестіруді және жоспарлауды жетілдіру юойынша ұсыныстарға қатысады және енгізеді
- цехтар мен бөлімшелердің басшылармен бірлесіп әрбір мамандық үшін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлейді
- жұмысшыларды қауіпсіз жұмыс әдістеріне оқыту бағдарламаларын әзірлеуге, қызметкерлердің қауіпсіздк техникасы мен өндірістік санитария қағидаларын зерделеуін және насихаттауды ұйымдастыруға, жайлы аймақтарды құруға жәрдемдесуге қатысады
- кіріспе және бастапқы нұсқаулықтардың рефераттарын әзірлеуге қатысады
- станцияға жаңадан келген әрбір қызметкермен, студенттермен, колледж оқушылармен практикадан және еңбек оқытудан өту кезеңінде кіріспе нұсқама жүргізеді, жұмысшыларды, инженерлік-техниалық қызметкерлер мен қызметшілерді қауіпсіз еңбек тәсілдері , еңбек қауіпсіздігі және нұсқаулықтар бойынша оқытуды, нұсқаманы ұйымдастыруды бақылайды
- жұмысшыларды қауіпсіз жұмыс әдістеріне уақтылы және сапалы оқытуды, жұмысшылардың білімін тексеру мен нұсқамаларды жүргізуді. нұсқамаларды тіркеу журналдарын жүргізуді бақылайды
- жабдықтарды қауіпсіздік және бақылау аспаптарын пайдалануға беру кезінде және ең алдымен қауіптілігі жоғары объектілерде қатысады
Біліктілік талаптары:
- Білімі; жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы; көлік, көлік техникасы және технологиялары (вагондар, локомотивтер және электр жылжымалы құрам); тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және пайдалану көлік (теміржол көлік); электротехника (радиотехника, электроника және телекомуникация); автоматтандыру және басқару; электр энергетикасы; стандарттау, метрология және сертификаттау; тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
- Жұмыс тәжірибесі: мамандығы бойынша кемінде 5 жыл, 2 санаттағы ұқсас лауазымда кемінде 2 жыл
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр