"KEGOC" АҚ "Ақмола ЖЭТ" филиалының Күрделі құрылыс қызметінің бастығы
- Құрылған күні:
- 26.11.2024
- Берілген өтінім:
- 23
- Қаралған саны:
- 1333
Біліктілікке қойылатын талаптар
Білім деңгейі |
Жоғары білім |
Мамандығы (диплом бойынша бағыты) |
Техникалық / Электр энергетикалық |
Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі |
Электр энергетикасы саласында/құрылыс саласында |
Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл |
Инженерлік-техникалық лауазымда кемінде 5 жыл. |
Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл |
Талап етілмейді. |
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар |
· Талдамалық дағдылар (талдау, нақтылау және жалпылау); лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде құрылыс жұмыстарының технологиясын, құрылыс нормалары мен ережелерін, стандарттарды, заңдарды, Қазақстан Республикасының НҚА, НҚ, қызметте тікелей қолданылатын ішкі құжаттарды, салалық қағидаларды, станциялар мен желілерді техникалық пайдалану саласындағы талаптарды, қауіпсіздік техникасы қағидаларын, өрт қауіпсіздігі қағидаларын білу. · Нормативтік құжаттарды әзірлеу дағдылары; · Жұмыс процесін жоспарлау және оңтайлы ұйымдастыру; · Уақытты және бағынышты адамдарды тиімді басқару; · Тыңдай білу, құзыретті кеңестер беру; · Тез үйрену қабілеті; · Ақпараттың үлкен көлемімен жұмыс істеу; · Іскерлік хат алмасу дағдылары . |
Лицензиялар, сертификаттар |
· Жетекшілік ететін мәселелер саласында сертификаттардың болғаны жөн . |
Қосымша талаптар |
· PC (MSOffice: Word, Excel, Access, PowerPoint) тәжірибелі пайдаланушысы. · Қазақ, орыс тілдерін білу. |
- Лауазымдық (функционалдық) міндеттері:
1) құрылыс бөлігінде идеологияны қалыптастыру жөніндегі қызметке жалпы басшылықты жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде әкімшілік мәселелерді шешеді; ұйымның бірінші басшысының жалпы басшылығымен және басқа бөлімшелер мен қызметтердің басшыларымен өзара іс-қимыл жасай отырып өз міндеттерін орындайды;
- филиалдың инвестициялық бағдарламасының орындалуын жүзеге асырады және қамтамасыз етеді, объектілерді техникалық қайта жарақтандыруға және қайта жаңартуға, аяқталмаған құрылыс көлемін қысқартуға қаражат жібере отырып, инвестициялық ресурстарды ұтымды пайдалану жоспарында жұмыс жүргізеді, филиал объектілерін орындау және пайдалануға беру мерзімдері бойынша олардың басымдылығын (маңыздылығын) белгілейді;
- құрылыс жобаларын әзірлеудің алдындағы жобалау алдындағы құжаттаманы (СЖТ, инженерлік іздестірулер, объектілерді зерттеу нәтижелері, жерге орналастыру жұмыстары, сондай-ақ жобалау құжаттамасын әзірлеу туралы шешім қабылдау үшін қажетті өзге де бастапқы деректер) дайындауды жүзеге асырады;
- құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық және техникалық құжаттаманың уақытылы берілуін ұйымдастырады;
- қабылдау актілерін ресімдей отырып, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау және орындалған жұмыстар мен салынған объектілерді пайдалануға қабылдау сапасына бақылауды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
- объектілерді уақытылы пайдалануға беруді бақылауды жүзеге асырады;
- бекітілген жұмыс сызбаларына, ҚНжЕ ережелеріне және техникалық шарттарға, техника қауіпсіздігі және өндірістік санитария нормаларына сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарының өндірісіне техникалық қадағалауды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
- жобаға сәйкес келетін құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге мердігерлік ұйымдарда лицензиялардың болуын, жеткізілетін бұйымдарға сапа сертификаттарының, паспорттардың, зертханалық сынақтардың болуын және МЕМСТ пен ТШ-ға сәйкес келуін тексереді;
- жер учаскелеріне құқықтарды тіркеу жөніндегі жұмыстардың жүргізілуін және құжаттардың дайындалуын бақылайды;
- филиалдың аяқталмаған құрылысының шығындарын есептен шығару үшін материалдарды дайындауды және құжаттарды қалыптастыруды, АҚ бойынша есептерді ұсынуды бақылайды;
- өндірістік мәселелер бойынша басқа топтармен, қызметтермен, кәсіпорындармен, фирмалармен және мердігерлік ұйымдармен өзара іс-қимылды (келіссөздер, хат алмасу, қарау, пікір және ақпарат алмасу) жүзеге асырады;
- күрделі салымдар мен жобалау-іздестіру жұмыстарының перспективалық және ағымдағы жоспарларын әзірлеуге, негізгі қорлар мен өндірістік қуаттарды пайдалануға беру, техникалық және экономикалық негіздемелерді, есептерді және т.б. ұсына отырып, объектілерді қайта жаңарту, техникалық қайта жарақтандыру және кеңейту жоспарларын жасауға басшылық етеді;
- Қызметке байланысты есептіліктің уақытылы ұсынылуын және күрделі құрылыс жоспарларының орындалу барысын, қолданылатын материалдардың, бұйымдардың, конструкциялардың көлемдерінің, мерзімдері мен сапасының бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға, жұмыс сызбаларына, құрылыс нормалары мен қағидаларына, стандарттарға, техникалық шарттарға, еңбекті қорғау нормаларына сәйкестігін бақылайды;
- күрделі құрылыс объектілері және монтаждауды талап етпейтін жабдықты сатып алу бойынша жиналған және алынған ақпаратқа талдауды жүзеге асырады;
- мердігер ұйымдармен құрылыс-монтаждау және жобалау-іздестіру жұмыстарына шарттарды уақытылы жасасу және сүйемелдеу жөнінде шаралар қабылдайды және орындалған жұмыстарға ақы төлеуді, шарттық талаптардың орындалуын бақылауды, қосымша келісімдер жасасуды жүзеге асырады;
16) филиал басшылығына (директорға, бас инженерге) күрделі құрылыс мәселелері бойынша ақпарат дайындайды, Күрделі құрылыс Департаментімен хат алмасуды және ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
17) KEG01 «Кәсіпорын процестерін енгізу» жобасы бойынша SAP өнімді жүйесінде күрделі құрылыс объектілері бойынша «Жобаны іске асыру» процесі шеңберінде өтінім, келісімшарт, жеткізуге тапсырыс, төлем және түсімдер жасау бойынша «Жобаны іске асыру/Инициация» процесі шеңберінде SAP PS жобалар жүйесінде жобаны және СПП-элементтерді анықтау жұмыстарын бақылайды, оның ішінде БМЖ саласында да іс жүргізуді, Қызмет құжаттамасының сақталуын бақылайды;
18) Қызметтің қызметкерлерін оқытуды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады және персоналды даярлауды ұдайы жетілдіруді қамтамасыз етеді.
19) Қызметтегі бос орынды жабу туралы өтінім дайындайды:
20) белгіленген тәртіппен оқыту, дайындау және оқыту ұйымымен шарт жасасу жөніндегі қызметтерді сатып алуды жүргізу үшін құжаттаманың дайындалуын бақылайды;