Қоршаған ортаны қорғау қызметінің бастығы

847000 - 847000 KZT
"ПМХЗ" ЖШС Павлодар қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
25

Қаралған саны:
556

   Конкурс туралы

Лауазым функционалы:

  • өндірістің қоршаған ортаға зиянды әсерін азайту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
  • кәсіпорынның ҚР Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қолданыстағы заңнамасын сақтауын және мемлекеттік бақылаушы органдардың нұсқамаларын орындауын бақылау;
  • экологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылаушы органдармен жедел өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
  • қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы стандарттар мен нормативтерді сақтау бойынша экологиялық заңнаманың талаптарын орындауға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және енгізуге басшылық жасау;
  • қоршаған ортаға эмиссиялар бойынша есептерді дайындауды және экологиялық төлемдер бойынша есептерді дайындауды ұйымдастыру;
  • авариялық шығарындылардың, зиянды заттардың төгінділерінің, қалдықтарды қоршаған ортаға орналастырудың себептері мен салдарын тергеп-тексеруді ұйымдастыру, олардың алдын алу жөнінде ұсыныстар дайындау.

Біліктілік талаптар:

  • қызмет бейіні бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;
  • қоршаған ортаны қорғау жөніндегі лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл (I-II санаттағы объектілерде құпталады);
  • біліктілікті арттыру бөлігінде сертификаттардың болуы (құпталады).

Білімі мен дағдылары:

  • Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын экологиялық заңнаманы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді білу;
  • мемлекеттік тілді міндетті түрде білу, орыс тілін білу;
  • компьютерде жұмыс істеу дағдылары міндетті, MS Office: Word, Excel, Outlook, 1C бағдарламаларын, "Самұрық-Қазына"Электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесін білу.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман