Бас инженер Арт. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Қызылорда филиалы – «Қызылорда филиалы ЖТ»
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Жұмысшылармен станцияларда нұсқама өткізу – жұмысқа кіріспес бұрын, еңбек қорғау бойынша.
- Станция жұмысшыларынан талап ету – еңбек заңнамасын, еңбек тәртібін, қауіпсіздік пен еңбек қорғау актілерін, экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын мүлтіксіз сақтау. Еңбек қорғау комиссиясының мүшесі ретінде талаптар.
- «Адам жолда» ақпараттық жүйесінің жұмысын ұйымдастыру және оның орындалуын тұрақты бақылау
- Электр қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек қорғау бойынша білім тексерулеріне оқыту және қатысу (комиссия мүшесі ретінде).
- Қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша тексерістер өткізу (оның ішінде кенеттен), сонымен қатар:
- Станция жұмысшыларының қызметтік міндеттерін орындауы;
- Станция жұмысының технологиялық үдерісі мен талаптарын орындау;
- Жүк және жолаушы пойыздарын қабылдау, жөнелту, өткізу ережелерін сақтау;
- Тежеуіш башмактарының дұрыс орналасуы мен сақталуын тексеру;
- Вагондарды бекіту құрылғыларын пайдалану ережелерін сақтау;
- Техникалық құжаттарды дұрыс жүргізу.
- Әрбір техникалық құралдың жұмысындағы бұзушылықтар, пойыздардың кідіруі, тыйым салатын белгілері бар кіру бағдаршамдарына қатысты оқиғаларды қарастыру және "ҚТЖ" ҰК АҚ тиісті құрылымдық бөлімшелерін тәуліктік мерзімде хабардар ету.
- Жұмыс орындарындағы нормативтік-техникалық құжаттардың бар-жоғын, олардың қолданыстағы жабдықтарға сәйкестігін тоқсан сайын тексеру.
- Диспетчерлік байланыстарды жазып алу құралдары арқылы кезекші қызметкерлер арасындағы сөйлесулердің дұрыстығын тексеру (ССПС, МВПС), пойыздар мен маневрлік жұмыстарды ұйымдастыру, вагондарды бекіту ережелерін орындау.
Қосымша талаптар:
- Білімі:жоғары (немесе жоғарғы оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: тасымалдауды ұйымдастыру қозғалыс және көлікті пайдалану
- Жұмыс тәжиребесі: кемінде 5 жыл оның ішінде өндірістік техникалық диспетчер бастығы, станция маневр диспетчері, станция бойынша кезекшісі, 1-2 классты лауазымдардында кемінде 2 жыл
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр