«KEGOC» АҚ «Алматы жүйеаралық электр тораптары» филиалы Релелік қорғаныс және электр автоматикасы қызметінің Жедел-есептеу тобының жетекші инженері

Жалақы көрсетілмеген
"KEGOC" АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
1836

   Конкурс туралы
УАҚЫТША БОС ЖҰМЫС ОРНЫ (негізгі қызметкердің 3 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша демалыс кезеңіне)
 
 «KEGOC» АҚ «Алматы жүйеаралық электр тораптары» филиалы Релелік қорғаныс және электр автоматикасы қызметінің Жедел-есептеу тобының жетекші инженері»

 Лауазымдық (функционалдық) міндеттері:

  • АДО-дан жетекшілік ететін АЭТ-тердің (Алатау АЭТ, Талдықорған АЭТ) АДО, ЖО ҰДО диспетчерінің басқаруындағы немесе жүргізуіндегі РҚА құрылғыларының авариялық ажыратылуы туралы алынған деректерді күн сайын талдайды және РҚА құрылғыларының қалыпты жұмыс істеуінен ауытқу жағдайында ауытқулардың себебін анықтайды және бұл туралы РҚжЭҚ басшылығына баяндайды;
  • III топтағы РҚА құрылғыларының тағайындамалары мен сипаттамаларын есептейді; желінің жұмыс режиміне байланысты ҚТ токтарын есептейді, селективтілік, сезімталдық, жылдам әрекет ету жағдайларын талдайды (қажет болған жағдайда РҚА талаптарынан ауытқу қажет болса, "Алматы ЖЭТ" филиалының бас инженері іріктелмеген тізімді бекітуі тиіс);
  • ӘЖ-дегі ҚТ кезінде АДО диспетчерінің зақымдану орнын анықтаудың дұрыстығын талдайды, қосалқы станциядан алынған осциллограммалар мен DEX-файлдар негізінде зақымдану орнын нақтылау бойынша тексеру есебін жүргізеді;
  • ОМП аналитикалық әдісінің формулаларын жасау үшін паспорттық деректерге сәйкес ӘЖ параметрлерін анықтайды;
  • МП анықтау үшін желінің жұмыс режимін ескере отырып, ток тарату кестелерін есептейді;
  • АДО деректеріне сәйкес авариялық ажырату журналында зақымданудың нақты километражын және тірек нөмірін тіркейді;
  • Орнын басу схемаларының, бастапқы қосылыстар схемаларының және ЭЖЖ мен электр жабдығының жұмыс режимдерінің сәйкестігін тексереді;
  • АДО басқаруындағы және жүргізуіндегі Алатау АЭТ, Талдықорған АЭТ РҚА құрылғылары тағайындамаларының хаттамаларын жүргізеді;
  • Тағайындамалардың есептеулерін орындағаннан кейін РҚА хаттарды дайындайды және пайдалану секторымен бірге көрсетілген мерзімдерде тағайындамалардың өзгеруін бақылайды;
  • "Өзара қарым-қатынастар туралы регламентке" сәйкес АЖК, АлЭС, ТАТЭК РҚжЭҚ персоналымен және энергия нарығының басқа да субъектілерімен хат алмасуды жүргізеді, есептеулерді орындау үшін қажетті техникалық құжаттаманы сұратады;
  • қажетті құжаттаманы (бастапқы деректер, орнын басу схемалары және т.б.) ұсына отырып, ЖО ҰДО тапсырмасы бойынша II топтағы РҚА құрылғылары бойынша жұмыстарды (жекелеген жағдайларда) орындайды;
  • ТАЭТ, ААЭТ 500/220/110/35/10/6кВ желісінің РҚАҚ тағайындамалық карталары мен хаттамаларының болуын және өзектілігін бақылайды;
  • РҚА АРМ-да ЖБМ (желінің базалық моделі) уақтылы өзектендіруді жүргізеді (хабарламаға қосу);
  • ТАЭТ, ААЭТ желілерінде авариялық ажыратулар кезінде МП айқындау
  • РҚжЭҚ-де техникалық құжаттаманың уақтылы ресімделуін және тиісті жай-күйін қамтамасыз етеді (орнын басу схемалары, РҚА тағайындамалық карталары, іріктелмеген тізбе және т. б.);
  • қызмет көрсетілетін қосалқы станциялардың РҚА құрылғыларын жобалау үшін мердігерлік ұйымдар сұрататын бастапқы деректерді жинау және өңдеу процесіне қатысады;
  • ҚТТ есептеу және тағайындамаларды келісу бөлігінде келісуге ұсынылған РҚА жұмыс жобаларын қарау процесіне қатысады;
  • ААДО, ЖО ҰДО диспетчерінің жедел басқаруындағы немесе жүргізуіндегі өңірдегі РҚА құрылғыларының дұрыс жұмыс істемеуінің барлық жағдайларын талдауға қатысады;
  • ДК-де есептеудің жаңа бағдарламаларын меңгереді;
  • РҚжЭҚ-де РҚА жалтарма жауап журналын жүргізеді;
  • Осы нұсқаулықта айтылмаған РҚжЭҚ бастығының басқа да біржолғы тапсырмаларын орындайды.

Талаптар:

Білім деңгейі

Жоғары білім

Диплом бойынша мамандығы (бағыты)

Электрэнергетикасы саласындағы техникалық

Жұмыс тәжірибесі

лауазым бағыты бойынша

Электрэнергетикасы саласында

Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жылдар

1-санатты инженері лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 4 жыл / лауазым бағытындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл

Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жылдар

 

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар

·        электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын (бұдан әрі – ТПҚ), Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын (бұдан әрі – ҚТҚ), Энергетикалық кәсіпорындар үшін өрт қауіпсіздігі қағидаларын (бұдан әрі – ӨҚҚ), лауазымдық нұсқаулықтарды, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды білуге біліктілік тексерулерінен өту – бастапқыны  лауазымға тағайындалған күннен бастап, мерзімдіні «Алматы ЖЭТ» филиалының біліктілік комиссиясында;

·        желілерді техникалық пайдалану саласындағы салалық ережелерді, нормаларды, талаптарды, электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасын, өрт қауіпсіздігі қағидаларын өз қызметін жүзеге асыру кезінде РҚжЭҚ қолданатын құжаттар тізбесінде айқындалған көлемде білу;

·        өз қызметінде орындалатын жұмысқа қатысы бар құжаттарды: Қазақстан Республикасының (бұдан әрі – ҚР) заңнамасын, министрліктердің, ведомстволардың, ҚР мемлекеттік басқарудың өзге де органдарының және "Самұрық-Қазына "ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының құжаттарын, РҚжЭҚ туралы ережені, "KEGOC" АҚ Басқарма төрағасының және өзге де басшыларының, “Алматы ЖЭТ” филиалының директорлары мен өзге де басшыларының актілерін, еңбек және ұжымдық шарттарды, осы нұсқаулықты және “Алматы ЖЭТ” филиалының өзге де ішкі құжаттарын басшылыққа алу;

Лицензиялар, сертификаттар

·        Қызметтің жетекшілік ететін мәселелері саласында сертификаттардың болғаны жөн

Қосымша талаптар

·        IEDKK-SW, АРМСРЗА, PL-62, DIGSI бағдарламалық жасақтамаларымен жұмыс істеу дағдылары бар болу;

·        MS office тәжірибелі пайдаланушысы;

·        Қазақ, орыс тілдерін білу

 

Еңбек жағдайлары:

- Біліктілікті арттыру жұмыс берушінің есебінен;

- Жұмыс кестесі: 5/2, 8:00-дан 17:00-ға дейін;

- Еңбек демалысы 30 к. к.

- Әлеуметтік пакет: тоқсан сайынғы және жылдық сыйлықақы, оқу демалысына ақы төлеу, еңбек демалысына материалдық көмек;

Жұмыс орны: Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Шевченко көшесі 162/7

Бос лауазым уақытша (негізгі қызметкердің 3 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша демалыс кезеңіне)  болып табылады.

Түйіндемені қабылдау 2024 жылғы 05 желтоқсанына дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылады.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Орташадан жоғары)
  • Орыс тілі (Орташадан жоғары)