Стратегия және инвестициялар портфелін басқару департаментінің инвестициялар портфелін басқару секторының аға маманы
«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Талаптар:
Білім:
- Жоғары қаржылық / экономикалық білім
Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс тәжірибесі:
- Кем дегенде 3 жыл
Ұйымның тиісті бейініндегі жұмыс тәжірибесі (жақсырақ ҚМГ және/немесе аффилиирленген ұйымдарда):
- Кем дегенде 1 жыл
Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білім:
- Қаржылық, жобалық және инвестициялық талдау саласында;
- Қазақстан Республикасының табиғат қорғау, мұнай-газ, еңбек заңнамасы саласында, "Акционерлік қоғамдар туралы", "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы", "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы"заңдар;
- Сапа менеджментінің, қоршаған ортаны қорғаудың, денсаулықты қорғаудың, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің интеграцияланған жүйесі және ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйесі саласында;
- Инвестициялық жобаларды іске асыру саласында;
- Өрт және экологиялық қауіпсіздік саласында;
- Тәуекелдерді басқару жүйесі мен ҚМГ ішкі бақылау жүйесінің негіздері саласында;
- Мемлекеттік тілді білген жөн (жазбаша және ауызша).
Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті дағдылар:
- Инвестициялық талдау дағдылары;
- Аналитикалық қабілеттер;
- Командада жұмыс істеу дағдылары;
- Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу дағдылары, келіссөздер жүргізу, еңбекті ұйымдастыру және басқару дағдылары.
Осы лауазымдағы функционалдық міндеттері:
- СС бағыты бойынша ҚМГ және ЕТҰ инвестициялық жобаларының тізбесін қалыптастыру және ұсыну жөніндегі жұмыстарды үйлестіру мақсатында ЕТҰ-мен өзара іс-қимыл жасайды; СС бағыты бойынша сыни өзгерістердің болуы бөлігінде инвестициялық жобаларды іске асыру мониторингі және инвестициялық мониторингтен кейінгі мониторинг мақсатында ЕТҰ-ның инвестициялық жобаларын талдайды;
- Инвестициялық жобалардың егжей-тегжейлі сараптамасын жүзеге асырады және инвестициялық жобаларды қарау кезінде аралас бөлімшелермен үйлестіреді, инвестициялық жобаларды іске асырудан жоспарлы қаржылық нәтижені айқындау мақсатында инвестициялық жобаларды жүйелі талдау жолымен инвестициялық жобалар параметрлерінің СС бағыты бойынша дұрыстығы мен негізділігін бағалайды; тәуекелдерді азайту мақсатында СС инвестициялық жобаларын іске асырудың баламалы нұсқаларын есептейді; инвестициялық жобаларды іске асырудан түпкілікті жоспарлы қаржылық нәтиже бөлігінде шешімдер әзірлеу мақсатында СС инвестициялық жобаларының параметрлерін (іріктеуді) түзетеді және өзгертеді;
- ҚМГ инвестициялық портфелінің мониторингі бойынша жұмыстарды үйлестіру, барлық бағыттар бойынша инвестициялық жобаларды іске асырудағы маңызды өзгерістерді анықтау және инвестициялық жобаларды іске асыру мониторингі бойынша есепті қалыптастыру мақсатында ҚМГ және ЕТҰ құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды.
- Инвестициялық шешімдерді қабылдау, іске асыру, іске асыру мониторингі және СС инвестициялық жобаларының инвестициялық мониторингі бойынша процестерді сүйемелдейді;
- Акционерлерді инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы туралы уақтылы хабардар ету мақсатында талдамалық ақпаратты жинау және ұсыну бөлігінде акционерлермен өзара іс-қимыл жасайды;
- Департаменттің және ИСУ-нің құжат айналымын жүргізеді, Департаменттің сатып алу процесін ұйымдастырады;
- ҚМГ ішкі құжаттарын әзірлейді және / немесе келіседі;
- ҚМГ Басқарма төрағасының, ҚМГ Басқарма төрағасының орынбасарының, департамент директорының бұйрықтары мен өкімдерін уақтылы және тиісінше орындауға қатысады.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Ұқсас вакансиялар
Корпоративтік даму және талдау бөлімінің бас менеджері
"Dosjan temir joly" АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
04.12.2024 | 111
Портфолио менеджері
Samruk Business Academy | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
02.12.2024 | 278
Активтерді басқару департаментінің портфель бөлімінің бастығы
Самұрық-Қазына Инвест | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
02.12.2024 | 3516