"Жолаушылар тасымалы" АҚ "Солтүстік"Жолаушылар тасымалы жөніндегі өңірлік филиалының сервистік қызмет көрсету секторының 1 санатты инженері
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Күн сайын АРМ ЦУС арқылы сервистік қызмет көрсету секторының бастығына ақпарат бере отырып, пойыз бригадалары қызметкерлерінің жолаушыларды уақытылы тіркемеуін анықтау мәніне талдау жүргізу;
- Жолаушыларды МТП-да тіркеуге жүргізілген талдау бойынша ай сайын ЦЛПС-ға ақпарат беру;
- Қайтарылған жол жүру құжаттарының тізілімдерін ЛУ-72-мен салыстырып тексеруді жүргізу;
- Еңбек және технологиялық тәртіптің барлық бұзушылықтары бойынша пойыз бригадалары қызметкерлерінің деректер базасын қалыптастыру;
- Мемлекетаралық түйісу пункттерінде Филиалдың жолаушылар пойыздарының кешігуі бойынша, жолаушылардың, Филиал қызметкерлерінің арыздары мен шағымдары бойынша ақпарат дайындау және есепке алу және тергеп-тексеру жүргізу, олар бойынша Қоғамға есептер ұсыну;
- Филиалдың жолаушылар пойыздарында жолаушылардың мультимедиялық ойын-сауық порталының ақпараттық ресурстарына қолжетімділікті ұйымдастыру, бейне және аудио ақпараттарды жүктеу бойынша жұмыстар жүргізу және есептер жасау;
- Жол жүру жолында жолаушылар пойыздарын тексеру кестесін жасау және қатысы бар мамандарды кестесімен қол қойдыра отырып, таныстыру;
- Тәртіптік комиссияның отырыстарына материалдар дайындау, жолаушылар пойыздарында қоғамдық тәртіпті бұзуға, мемлекетаралық түйісу пункттерінде жолаушылар пойыздарын кідіртуге, ресімделмеген багажды және билетсіз жолаушыларды тасымалдауға, сондай-ақ тексеруші мемлекеттік органдар анықтаған пойыз бригадалары қызметкерлерінің нормативтік-техникалық құжаттаманы бұзуына жол бермеуге бағытталған іс-шараларды әзірлей отырып, тәртіптік комиссия отырыстарының нәтижелері бойынша тиісті инстанцияларға хаттамаларды, бұйрықтардың жобаларын, жауаптарды немесе есептерді ресімдеу;
- Жеделхаттарға сәйкес көктемгі, жазғы және қысқы уақытта пойыздардың қозғалыс кестесіне өзгерістер енгізу және оларды учаскелер қызметкерлерінің назарына жеткізу;
- Жолаушылар мен багажды республикаішілік және халықаралық қатынастарда тасымалдауды ұйымдастыруды реттейтін нормативтік актілердің қолданылу тәртібін учаске қызметкерлерінің назарына жеткізу, халықаралық келісімдерге, шарттарға және өзге де нормативтік – құқықтық актілерге енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы нұсқаулар;
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары кәсіби техникалық, экономикалық
- Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар (вагондар, локомотивтер және электр Жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Электротехника (Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар); Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Құрылыс (Теміржол құрылысы; жол және жол шаруашылығы); көлік құрылысы; машина жасау (Технологиялық машиналар мен жабдықтар) инженерлік жүйелер; Экология; Жылу энергетикасы
- Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне қойылатын талаптар жоқ
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр