Екібастұз қ., "KEGOC" АҚ "Солтүстік ЖЭТ" филиалының Релелік қорғаныш және автоматика, аварияға қарсы автоматика шалаөткізгіш құрылғыларының өндірістік зертханасы Релелік қорғаныш және электроавтоматиканың қызметінің 1-санатты инженері
1) ESB-2000i, Power Link, FOX-515, апатқа қарсы автоматиканың (бұдан әрі - АА) оптикалық талшықты және жоғары жиілікті арналарынан басқа, 1150 кВ «Екібастұз» қосалқы станциясында орнатылған кернеуі 0,4 кВ, 10 кВ, 110 кВ, 500 кВ релелік қорғау және аварияға қарсы автоматика құрылғыларының (бұдан әрі – РҚжААҚ) электр жабдықтарының барлық түрлеріне техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады;
2) 1150 кВ «Екібастұз» қосалқы станциясында орнатылған 500 кВ электр беру желілерінің асинхронды режимін жою автоматикасына, командалардың таратқыштары/қабылдағыштарының кросс-панельдеріне және аварияға қарсы автоматика сигналдарына техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады;
3) Техникалық қызмет көрсетуді және жұмыстарды жүргізуді жүзеге асырады, сондай-ақ пайдалану процесінде оларды жетілдіру үшін «ЕЭК» АҚ және «МАЭС-1» АҚ-дағы бөгде ұйымдарда орнатылған «KEGOC» АҚ «Солтүстік ЖЭТ» филиалына тиесілі АА құрылғыларын қайта жаңартуға қатысады;
4) 1150 кВ «Екібастұз» қосалқы станциясында орнатылған РҚжәнеААҚ-ын қайта жаңартуға қатысады;
5) 1150 кВ «Екібастұз» қосалқы станциясында орнатылған РҚжәнеААҚ-дың жұмысын талдайды;
wams/WACS синхрофазорлық технологияларына негізделген тестілеу сценарийлерін әзірлеуге және мониторинг және басқару жүйесін тестілеуге қатысу (негізгі пайдаланушы);
6) 1150 кВ «Екібастұз» қосалқы станциясында орнатылған РҚжәнеААҚ бойынша нұсқаулықтарды, есептерді және бағдарламаларды жасау жөніндегі жұмысқа қатысады, өз ұсынымдары мен ұсыныстарын енгізеді;
7) қажет болған жағдайда РҚжәнеААҚ-дың жобаланбаған схемаларын әзірлейді, оларды РҚА және АА ЖӨҚ ӨЗ бастығымен келіседі;
8) жабдықтың, қауіпсіздік техникасының сенімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды орындайды,;
9) техникалық құжаттаманы дұрыс ресімдеуді жүзеге асырады;
10) нормативтік-техникалық құжаттардың (бұдан әрі – НТҚ), ТПЕ, ТҚЕ, Электр қондырғыларын орнату қағидаларының (бұдан әрі - ЭОҚ), нұсқаулықтардың, циркулярлардың, БМЖ нұсқаулары мен ережелерін,талаптарын орындайды;
11) Қазақстан Республикасының нормативтік актілеріне, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «КЕGОС» АҚ-ның, филиалдың, еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттік және ведомстволық қадағалау органдарының ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарына, лауазымдық нұсқаулыққа, еңбек тәртібі қағидаларына, еңбек шартына сәйкес қойылатын талаптарды орындайды;
12) апаттық жағдайлардың алдын алу, осындай жағдайлар туындаған кезде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау, оның ішінде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету жөніндегі шараларды қабылдауды қамтамасыз етеді;
13) егер жұмысшылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнсе, жабдықтың жұмысын тоқтата тұрады;
14) жұмыстарды НТҚ талаптарына сәйкес орындайды;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек және демалыс режимін сақтайды;
16) жеке және ұжымдық қорғау құралдарын дұрыс қолдануды жүзеге асырады;
17) өндірістегі персоналмен болған жазатайым оқиғалар туралы өзінің тікелей немесе жоғары тұрған басшысына уақтылы хабарлайды;
18) жаңа және қайта қаралған НТҚ, қауіпсіздік және ЕҚ жөніндегі нұсқаулықтарды уақтылы оқып зерделейді.
19) еңбек жағдайларын жақсарту және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі актілерде, жоспарларда, бұйрықтарда, өкімдерде көзделген немесе еңбекті қорғау жағдайларын тексеру актілерінде жазылған нұсқамаларды, ұсыныстарды және іс-шараларды белгіленген мерзімдерде орындайды.Талаптар:
Білім деңгейі-жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі;
Диплом бойынша мамандығы - Электрэнергетика, Релелік қорғау т электроавтоматика; Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі-Электр энергетикасы саласындағы релелік қорғау инженері лауазымында мамандығы бойынша жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы