Курчатов қаласының тау-кен байыту кешені, химиялық талдау зертханашысы, 3-разряд (12.04.2024 ж. No 76-17-17/2430) – 1 бірлік.

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
194

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

Компоненттерді алдын-ала бөлмей, қабылданған әдістеме бойынша орташа күрделілікке талдау жүргізу. Талданатын материалдардағы заттың пайыздық мөлшерін әртүрлі әдістермен анықтау. Пикнометрмен материалдар мен заттардың тұтқырлығын, ерігіштігін, үлес салмағын, рейд бойынша булардың серпімділігін, индукциялық кезеңді, талданатын өнімдердің қышқылдығы мен кокстілігін, жабық тигельдегі тұтану температурасын және мұнай мен мұнай өнімдерінің қатаюын анықтау. Қарапайым титрлерді орнату және тексеру. Кен, хромды, никельді, хромоникельді болаттар, шойындар мен алюминий қорытпаларының, металлургиялық процестер өнімдерінің, флюстердің, отын мен минералды майлардың әртүрлі сынамаларының химиялық құрамына әртүрлі талдау жүргізу. Мұнай және мұнай өнімдеріндегі күкірт пен хлоридтің құрамын анықтау. Арнайы жабдықта лак-бояу өнімдері мен цементтің физика-химиялық қасиеттерін анықтау және күрделі талдау жүргізу. Бояу материалдары үшін еріткіштерді таңдау. Талданатын материалдарды аналитикалық таразыларда өлшеу. Зертханалық жабдықты баптау. Зертханалық қондырғыларды біліктілігі жоғары зертханашының басшылығымен қолда бар схемалар бойынша құрастыру. Зертханалық қондырғының жұмысын бақылау және оның көрсеткіштерін жазу.

Білім:

Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша жалпы орта білімнен немесе орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік)білімнен төмен емес

Дағдылар:

3 - разрядты химиялық талдау зертханашысы білуі тиіс: - жалпы және аналитикалық химия негіздері; - титрлерді орнату және тексеру тәсілдері; - қолданылатын реактивтердің қасиеттері және оларға қойылатын талаптар; - күрделілігі орташа талдаулар жүргізу әдістемесі және қолданылатын реагенттердің қасиеттері; - қызмет көрсетілетін учаске бойынша орындалатын талдауларға және тауар өнімдеріне мемлекеттік стандарттар; -аналитикалық таразыларды, электролиз қондырғысын, фотокалориметрді, рефрактометрді және басқа да ұқсас аспаптарды пайдалану ережесі; - сынамалар мен жүргізілетін талдаулардың сапасына қойылатын талаптар; еріту, сүзу, экстракция және кристалдану процестері; зертханалық жабдықты баптау ережесі.

Қосымша:

Еңбек шарттың мерзімі/ауысу мерзімі: Уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру уақытына Негізгі лауазымдық міндеттер - Еңбек жағдайларының сипаттамасы күкірт және тұз қышқылдарының, формальдегидтің және фенол ерітінділерінің буының әсерінен болатын зиянды еңбек жағдайлары Жұмыс және демалыс тәртібі: бекітілген кестеге сәйкес Болжамды еңбек ақы мөлшері: 134640 теңгеден бастап 279190 теңгеге дейін Тағлымдама - тиісті біліктілігі және/немесе кәсібі бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ жұмыскерді қабылдаған жағдайда белгіленбейді; -тиісті құжаттармен расталған мамандығы бойынша біліктілігі және/немесе жұмыс тәжірибесі бар қызметкерді қабылдаған жағдайда кемінде 30 жұмыс ауысымы мерзіміне белгіленеді.

Білетін тілдер:

-