Бизнесті қамтамасыз ету жөніндегі бас менеджер

«Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
48

Қаралған саны:
669

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • «СҚ Бизнес Сервис» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) жұмыскерлерінің жұмыс істеуіне және еңбек жағдайына қолайлы жағдай жасау мақсатында Серіктестіктің әкімшілік-шаруашылық жұмысын ұйымдастыру және жүргізу; жаңа техника мен технологияны, еңбекті басқару мен ұйымдастырудың прогрессивті нысандарын кеңінен пайдалану негізінде әкімшілік-шаруашылық қызметті ұйымдастыру; кеңсе шығыстарының бюджетін жоспарлау; шаруашылық шарттарды жасасуды ұйымдастыру және олардың уақтылы орындалуын бақылау; Серіктестіктің жалдау саясатын басқаруды жүзеге асыру; жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі тәртіпті, өндірістік санитария мен өрт қауіпсіздігі талаптарын және т.б. сақтауын қамтамасыз ету.

Талаптар:

  • Құқық/ бизнес және басқару/ әлеуметтік ғылымдар/ педагогикалық ғылымдар/техникалық ғылымдар және технологиялар/ гуманитарлық ғылымдар саласындағы жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.
  • «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» сертификатының болуы құпталады.
  • Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде 5 (бес) жыл.

Заңнама және нормативтік құқықтық актілер, арнайы және мамандандырылған білім:

  • «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері;
  • баға белгілеу негіздері;
  • сатып алынатын жабдық пен мүкәммалдың стандарттары мен техникалық шарттары, оның жұмыс істеу қағидаттары;
  • көрсетілген қызметтер мен орындалған жұмыстар үшін есеп айырысу тәртібі;
  • тауар-материалдық құндылықтарды сақтау, қоймалау қағидалары мен тәртібі;
  • Ұйымдастыру техникасы, коммуникация және байланыс құралдарын пайдалану қағидалары;
  • шаруашылық жүргізу әдістері;
  • шығыстар сметасын жасау тәртібі;
  • Шаруашылық және қаржы шарттарын жасасу және орындау тәртібі;
  • жабдықты, жиһазды, мүкәммалды, кеңсе керек-жарақтарын сатып алу және қызметтер/жұмыстар үшін есеп айырысуды ресімдеу тәртібі;
  • еңбекті ұйымдастыру және персоналды басқару негіздері;
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария ережелері, өрт қауіпсіздігі талаптары;
  • қазіргі заманғы техникалық құралдар мен компьютерлік технологияларды қолдана отырып, ақпаратты жинау және өңдеу әдістерін білу.
Дағдылар мен құзыреттер (функционалдық):
  • техникалық ерекшелікті жасау;
  • есептілікті жасау;
  • ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу;
  • тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер мен өнім берушілер нарығын зерттеу;
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен өзара ic-қимыл жасау;
  • шарттар жасасу;
  • Барынша пайда табу мақсатында іскерлік хат алмасу және келіссөздер жүргізу;
  • ақпараттың үлкен көлемін талдау және мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ететін қорытындыларды қалыптастыру;
  • қысқа мерзімде тиімді шешімдер қабылдау;
  • MS Office (Excel, PowerPoint, Word) тәжірибелі пайдаланушының дағдылары.

Құзыреттер (жеке):

  • нәтижеге бағдарлану;
  • командада жұмыс істей алу;
  • үдерістерді талдай білу;
  • ұдайы өзін-өзі дамыту;
  • Тайм-менеджмент дағдыларының болуы;
  • тиімді коммуникация;
  • ұйымдастырушылық қабілет;
  • жауапкершілік;
  • өзгерістерді басқару.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр