Геология және кен орындарын игеру департаментінің бас маманы (ГАЖ-маман (картограф) - аутстаффинг
ЖШС «QazaqGaz Ғылыми-техникалық орталығы» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
- Құрылған күні:
- 11.12.2024
- Берілген өтінім:
- 9
- Қаралған саны:
- 297
Міндеттері:
- Департамент жобалары бойынша геоақпараттық жүйелерді құру және геоақпараттық сүйемелдеу жұмыстарын орындайды
- Арнайы бағдарламаларды қолдана отырып, даладан алынған геодеректерді супервайзинг, талдау және өңдеу жұмыстарын орындайды (қажет болған жағдайда)
- Картографиялау, жер қойнауын геологиялық-геофизикалық зерттеу, газ кен орындарын іздеу және барлау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді
- Геокеңістіктік деректерді ГАЖ жүйелеріне интеграциялау жұмыстарын орындайды, геологиялық-геофизикалық және өндірістік деректерді жинау, өңдеу, жүйелеу, сондай-ақ деректер базаларын қолдау және жаңарту жұмыстарын жүзеге асырады
- Департамент жобалары бойынша әртүрлі мамандандырылған ГАЖ өнімдерін (баспа карталар, веб-карталар, диаграммалар және т.б.) жасайды
- Жер қойнауын пайдалану саласындағы жобалық-техникалық/техникалық құжаттаманы дайындауға және жасауға қатысады
- Көмірсутек кен орындарын іздеу және барлау саласындағы мәселелерді шешу және әдістерді жетілдіру бойынша ғылыми-техникалық конференцияларға қатысады
- Өзінің кәсіби деңгейін, біліктілігін үнемі арттырып, ғылым, техника және технология саласындағы соңғы жетістіктерді қадағалайды
- Департамент жобалары бойынша жұмыстарды орындау кезінде қазіргі заманғы мамандандырылған бағдарламалық кешендер мен ГАЖ құралдарын қолданады
- ГАЖ мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етудің (БҚ) және аппараттық кешендердің жеткізушілерімен өзара әрекеттесуді жүзеге асырады, бағдарламалық қамтамасыз ету нарығын мониторинг жасайды, мамандандырылған БҚ сатып алуды ұйымдастыруға қатысады, сонымен қатар келісімшарттарды келісу және орындау, лицензиялардың жеткізілуін бақылау бойынша жұмыстарды орындайды
- ГАЖ жүйелерін құру және геоақпараттық сүйемелдеу бойынша тақырыптық жұмыстарға техникалық тапсырмаларды әзірлеу және олардың сапасын бақылау, коммерциялық ұсыныстар мен күнтізбелік жоспарларды дайындауды жүзеге асырады.
-
Талаптар:
- Геология және мұнай және газ кен орындарын барлау, география/картография/геодезия немесе сабақтас пәндер саласындағы жоғары техникалық білім.
- Лауазымның тиісті бейіні бойынша МВА/магистр дәрежесінің және/немесе ғылым докторы/кандидаты ғылыми дәрежесінің болғаны жөн.
- Кәсіби саладағы жұмыс өтілі-кемінде 5 жыл.
- Ұлттық және/немесе халықаралық компанияларда және/немесе функционалдық бағыттарға сәйкес салаларда бейін бойынша жұмыс өтілі-кемінде 2 жыл.
- Картаға түсіру, Жерді қашықтықтан зондтау деректерін өңдеу (ЖҚЗ), ArcGIS, ArcMap, ArcGIS Pro және т.б. бойынша курстардан өткені туралы Сертификат (жақсырақ).
Білім және дағдылар:
- Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңдары мен басқа да нормативтік-құқықтық актілері.
- Жалпы геологияны, географияны/геоинформатиканы/картографияны және осыған ұқсас пәндерді білу.
- Есептеу техникасын, коммуникация және байланыс құралдарын қолдану дағдылары.
- Құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып жүргізу дағдылары.
- Жобалық-техникалық құжаттаманы дайындау дағдылары.
- Үдерістік және жобалық басқару дағдылары.
- Ақпаратты жинау, жүйелеу және талдау, құжаттаманы есепке алу және жүргізу дағдылары заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып.
- Цифрлық карталармен, web-GIS, қашықтықтан зондтау деректерімен жұмыс істеу, картографиялық материалдар мен есептер жасау дағдылары.
- ГАЖ деректерімен жұмысты автоматтандыру үшін бағдарламалаудың негіздерін білу, деректерді кеңістіктік талдау.
- Орындалған жұмыстардың нәтижелері бойынша техникалық презентацияларды дайындау, презентациялар өткізу, деректерді талдау және визуализациялау дағдылары.
- Келіссөздер жүргізу, іскерлік қарым-қатынас және хат алмасу дағдылары.
- Геологиялық-геофизикалық зерттеулерді жүргізу процестері, әдістері және кезеңдері туралы білім.
- Арнайы салалық бағдарламалық өнімдерді (ArcGIS, QGIS және басқа ұқсас өнімдер) білу және олармен жұмыс істеу дағдылары.
- Картографиялық өнімдерді дайындау үшін әртүрлі типтегі және форматтағы кеңістіктік деректермен жұмыс істеу дағдылары (геологиялық карталар, профильдер, схемалар және т.б.), соның ішінде геокеңістіктік деректерді түрлендіру, импорттау, өңдеу және экспорттау.
- ГАЖ жүйелеріне деректерді біріктіру, деректер базасын жаңарту және қолдау бойынша жұмыс істеу дағдылары.
- ГАЖ бағдарламалық жасақтамасын қолдану бойынша оқыту семинарларын өткізу дағдылары.
- Стратегиялық, аналитикалық және жүйелік ойлау дағдылары, сондай-ақ өз ұстанымын дәлелдей білу.
- Қазақ және орыс тілдерін/ағылшын тілін білу (қалаулы).
Шарттар:
- 5 күндік жұмыс кестесі.
- аутстаффинг.
Қажетті қабілеттер
- геоинформационные системы
- картографирование
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Ағылшын тілі (Орташадан төмен)
- Қазақ тілі (Орташадан жоғары)
- Орыс тілі (Озат)