«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының – «Ақмола магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Көкшетау вокзалының анықтама беру бойынша кезекші–дикторы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
Станция бойынша кезекшіден, поезд диспетчерінен, "Орал-ВНИИЖТ" ГИД АС жүйесі бойынша жолаушылар және қала маңындағы поездардың қозғалысы туралы жедел ақпаратты уақтылы алады, поездар кешіккен (кешіктірілген) жағдайда вокзал бастығының кезекші көмекшісіне, ҰҚШ (ЛБК) қызметкеріне уақтылы беру, Дармен жүйесіне, электрондық таблоға, журналдарға тиісті жазбаларды енгізе отырып, "WhatsApp" мобильді қосымшасы/мессенджері мобильдік қосымшасының нысаналы чаттарына енгізеді. Кезекшілікке кіріскен кезде, вокзалдағы жедел жағдаймен, басшылық құжаттармен (жеделхаттармен, бұйрықтармен, нұсқаулармен және т. б.), хабарландыру мәтіндерімен танысу, ауысымға кірген кезде және кезекшілік барысында станция бойынша кезекшіден, поезд диспетчерінен әрбір жолаушылар және қала маңындағы поездың қозғалысы туралы мәліметтерді уақтылы алады. анықтамалық бюрода, Компанияның, Филиалдың телеграфтық нұсқауларына сәйкес сеніп тапсырылған учаскенің аз қызмет көрсету вокзалдарында анықтамалықтар мен басқа да қосалқы материалдарға өзгерістерді уақтылы енгізеді. осы салада қолданылатын нормативтік құжаттарға сәйкес жолаушылардың жеке өтініші кезінде анық және толық анықтамалық ақпарат береді, жолаушылар мен вокзалға келушілерге олардың бірінші талабы бойынша шағымдар мен ұсыныстар кітабын ұсынадыБіліктілік талаптары:
Білімі:
Міндетті: Жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі); Орта (техникалық және кәсіптік)
Мамандығы Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару; Теміржол көлігіндегі жүк және коммерциялық жұмыс; Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Құрылыс (теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы); көлік құрылысы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Құрылыс; Электр энергетикасы, Экономика, Инженерлік жүйелер, Маркетинг, Көлік, көлік техникасы және технологиясы, механикаландыру және автоматтандыру, психология, филология, туристік/қонақ үй дело.
Жұмыс тәжірибесі
Қызмет бейіні бойынша:
жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Колледж