Қызметкерлерді басқару секторының басшысы
KMG Drilling and services ЖШС Астана қ.
Лауазымдық міндеттері: 1) Секторға жалпы басшылықты жүзеге асыру; 2) Серіктестіктің қызметкерлерді басқару және еңбек қатынастары мәселелерін реттейтін құжаттарды әзірлеу / енгізу /нақтылау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; 3) Мына бағыттар бойынша бақылауды қамтамасыз ету: қызметкерлерді іздеу және іріктеу, оқыту және қызметін бағалау, еңбек қатынастарын басқару, кадрлық әкімшілендіру, өтемақылар мен жеңілдіктер; 4) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарының сақталуын қадағалау; 5) Серіктестік персоналын ұстауға және дамытуға бюджеттің жоспарлануын және жұмсалуын бақылау (өз құзыреті шегінде еңбекке ақы төлеу, оқыту және дамыту, қызметтік іссапарлар, әлеуметтік жеңілдіктер, аутсорсинг/аутстаффинг және басқа да шығындар бөлігінде); 6) Қызметкерлерді басқаруға қатысты бөлігінде Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелері дайындаған материалдар мен жобаларға сараптама жүргізеді; 7) Сұрату жіберілген кезде қызметкерлерді басқару мәселелері бойынша есептілікті / материалдарды / ақпаратты дайындайды, сектор құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өтініштерді қарайды; 8) Серіктестік қызметкерлерінің еңбек және орындаушылық тәртібін сақтауын мониторингтеу / талдау; 9) Серіктестіктің аутсорсинг / аутстаффинг қызметкерлерімен жұмысты ұйымдастыру / үйлестіру/жүргізу; 10) Серіктестік стандарттары мен талаптарын сақтау, тәуекелдерді анықтау, өзара қарым-қатынасты жақсарту мақсатында серіктестік басшылығымен және жұмыскерлерімен бірлескен жұмыс жүргізеді; 11) Серіктестіктің жобаларын іске асыру шеңберінде құзыреті шегінде стратегиялық және операциялық мәселелерді қарауға қатысады; 12) Еңбек қатынастарын басқаруға қатысады, сектордың жетекшілік ететін қызметі мәселелері бойынша консультациялар береді; 13) Серіктестіктің уәкілетті органдарының, лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, Серіктестіктің ішкі құжаттарына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру; 14) Өз құзыреті шегінде және сектор қызметінің бағыты бойынша Серіктестік қызметінің негізгі көрсеткіштерін, оның ішінде ҚНК қорытынды нәтижелілігін қалыптастыру, келісу және мониторингтеу, сондай-ақ Серіктестіктің (тұтастай алғанда) ҚНК жалпы мониторингі; 15) өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы қағидалар мен нұсқаулықтарды бұзу қызметкерлердің денсаулығына немесе өміріне қатер төндіруге әкеп соғуы мүмкін жағдайларда жұмысты тоқтата тұрады, алкогольдік немесе есірткілік масаң күйдегі қызметкерлерді жұмысқа жібермейді. |
Талаптар
Тілдерді білуі
|
· мемлекеттік тіл; · орыс тілі; · ағылшын тілі(Upper intermediate IELS (5.5-6.5)). |
Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер мен құзыреттер
|
· салалық және еңбек заңнамасы; · қызметкерлерді басқару әдістері мен құралдары; · HR процестерін автоматтандыру/цифрландыру әдістері/құралдары; · келіссөздер жүргізу дағдылары, көпшілік алдында сөз сөйлеу, коммуникациялық дағдылар; · деректерді талдау құралдары; · әр түрлі сыртқы және ішкі мүдделі тараптармен жұмыс (мемлекеттік органдар, кәсіподақ ұйымдары және т. б.); · тарту, бағалау, оқыту, сыйақы беру, кадрлық іс жүргізу, есептілік және талдау, корпоративтік мәдениетті және әлеуметтік тұрақтылықты басқару процестерін іске асыру. |
Техникалық білімі |
· Жеке компьютерде жұмыс істеу (Microsoft Office) |
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Ағылшын тілі (Озат)
- Қазақ тілі (Кәсіби)
- Орыс тілі (Кәсіби)
Бағыттар бойынша сертификаттардың бар болуы қажет
- Адамдарды басқару
- Тілдерді білу