«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы» филиалының Қарағанды көлік оқу орталығының тәрбиешісі

от 183023
Филиал АО "НК "ҚТЖ" - "Карагандинский учебный центр транспорта" Қарағанды қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
18

Қаралған саны:
1051

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  •  Оқу орталығына оқуға келген тыңдаушылардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін зерттейді;
  • оқушылардың саяси және мәдени деңгейін арттыруға, оқуға саналы көзқарасын арттыруға, олардың еңбекке және таңдаған мамандығына деген сүйіспеншілігін оятуға, сыбайлас жемқорлық және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және мінез-құлық этикасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жоспарлайды және жүргізеді;
  • тыңдаушылардың жатақханада тұру және оқу орталығының мүлкіне ұқыпты қарау қағидаларын, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қағидаларын, санитарлық және өртке қарсы нормаларды қатаң сақтауын қамтамасыз етеді;
  • білім алушыларда қару, өрт қауіпті және жарылыс қаупі бар заттар, сондай-ақ есірткі және улы заттар табылған кезде оқу орталығының әкімшілігіне дереу хабарлайды;
  • оқу орталығында және жатақханада алкогольдік/есірткілік мас күйінде болу жағдайларына жол бермеу, оқу орталығының жатақханасында алкогольдік ішімдіктерді алып жүруге және ішуге тыйым салу мәселесі бойынша тыңдаушылар арасында түсіндіру және тәрбие жұмысын жүргізеді;
  • мұндай адамдар анықталған жағдайда баянат/баяндамалық жазба жасайды, орталық басшылығының назарына жеткізеді, полиция қызметкерлерін шақыруды жүзеге асырады;
  • оқу орталығының әкімшілігін жазатайым оқиғалар кезінде жедел хабардар етеді, дәрігерге дейінгі Алғашқы көмек көрсету, жедел жәрдем шақыру бойынша шұғыл шаралар қабылдайды;
  • жатақханада үй тапсырмаларын дайындау, оқушылардың демалысы, тұрмыстық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қажетті жағдай жасауды бақылауды жүзеге асырады;
  • жатақханада оқушылардың сабақтарға, емтихандарға дайындалу бойынша өзіндік жұмысын ұйымдастырады.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары;
  • Мамандығы: педагогикалық мамандықтар (жаратылыстану және қоғамдық пәндер), психология, әлеуметтану, Құқықтану, тәрбие жұмысын ұйымдастыру; Жұмыс тәжірибесі: білім беру және тәрбие саласында кемінде 1 жыл, теміржол көлігі кәсіпорындарында кемінде 6 ай.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж