«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы» филиалының шаруашылық қызметі жөніндегі топтың бас менеджері (15 грейд)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Филиалдың қажеттіліктері үшін құзыреті шегінде тауарлардың, жұмыстардың/көрсетілетін қызметтердің қажеттілігін қалыптастыру бойынша бақылауды жүзеге асырады және компанияның жергілікті актілеріне сәйкес уақтылы қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды;
- жұмыстарды/қызметтерді орындауға және тауарларды жеткізуге шарттар жасасу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды және олардың орындалуын бақылауды үйлестіреді;
- филиал балансында ескерілетін арнайы жинау, тұрмыстық және өзге де техниканы ұстаудың тиісті жағдайларын қамтамасыз етуді бақылайды филиал ғимараттары мен құрылыстарының өрт қауіпсіздігі және электр қауіпсіздігі талаптарын сақтау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды, өрт сөндіру құралдарының жарамдылығына мониторингті жүзеге асырады;
- филиал ғимаратында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тиісті өртке қарсы режимді жүзеге асыру бойынша мердігерлік ұйымдар орындайтын жұмыстардың тиісінше орындалуын бақылауды жүзеге асырады; компанияның мүлкін сақтау және филиал қызметкерлері мен жатақханада тұратын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткізу және объектішілік режим бойынша күзет жұмысын (мердігерлік күзет ұйымының) үйлестіреді;
- компанияның жергілікті актілеріне және уәкілетті орган белгілеген автокөліктің лимиті мен тиістілігі нормаларына сәйкес филиалдың басшылығы мен қызметкерлері үшін автокөлік құралдарымен үшінші тарап ұйымдарымен тасымалдау бойынша қызметтер көрсету жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
- табыс алу мақсатында филиалдың балансындағы тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды жалға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; филиалдың энергия қондырғыларының неғұрлым сенімді, үнемді және қауіпсіз жұмысына ықпал ететін жаңа техниканы енгізу, энергия ресурстарын тұтыну нормаларын төмендету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды үйлестіреді;
- бейінді емес кәсіптерді, оның ішінде өңірлік оқу орталықтарын, жұмыстарды/қызметтерді бәсекелестік ортаға (аутсорсинг)шығару жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және үйлестіреді; жасалған шарт шеңберінде мердігерлік аутсорсингтік компаниямен бірлескен іс-шаралар жоспарының орындалу барысын бақылауды жүзеге асырады;
- көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында филиал ғимаратына кешенді қызмет көрсететін мердігерлік ұйым қызметінің негізгі көрсеткіштеріне бағалау жүргізеді;
- аутсорсингтік компанияларға/мердігерлік ұйымдарға ауыстырылған филиал қызметкерлеріне қатысты Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының, шарттық міндеттемелердің және қол жеткізілген келісімдердің нормаларын сақтау бойынша бақылауды жүзеге асырады; мердігер ұйымның табиғатты қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық органдардың талаптарына сәйкес еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы жөніндегі Технологиялық тәртіпті, қағидалар мен нормаларды сақтауын үйлестіреді;
- ақаулы актіні жасау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және үйлестіреді және филиал ғимаратында ағымдағы, күрделі жөндеулерге арналған сметалық құжаттаманы келіседі;
- Құрылыс және жөндеу жұмыстарын орындау мерзімдері мен сапасын және олардың бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға, ҚНжЕ, стандарттар мен техникалық шарттарға, техника қауіпсіздігі нормаларына, филиал ғимаратында мердігерлік ұйымдар орындайтын экологиялық талаптарға сәйкестігін бақылайды;
- ішкі және сыртқы тексерулердің қорытындылары бойынша бұзушылықтар мен сәйкессіздіктерді жою бойынша түзету және алдын алу іс қимылдары жоспарларының орындалуын қамтамасыз етеді; филиалдың жұмыс істеуі үшін қажетті тауарлық-материалдық қорлардың қоймалық есебін жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіреді.
- Білімі: жоғары;
Мамандығы: Экономика, менеджмент, Құқықтану, теміржол көлігі бойынша мамандықтар;
Жұмыс тәжірибесі: мамандық бойынша кемінде 3 жыл (лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда), басшы лауазымда, менеджмент, шаруашылық қызмет салаларында кемінде 3 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы