"ҚТЖ-Жүк тасымалы"ЖШС-"ЖТ Ақмола бөлімшесі" филиалының Астана станциясының персоналмен жұмыс жөніндегі бөлімінің әлеуметтік-еңбек қатынастары жөніндегі инспекторы

от 304812
Станция Нур-Султан Ақмола облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
6

Қаралған саны:
98

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Бекітілген кестеге сәйкес станция қызметкерлері мен басшыларына демалыс беруге бұйрықтарды есепке алуды және ресімдеуді жүргізеді
  • Қызметкерлердің аурухана парақтары бойынша есеп жасайды (аурухана парақтарын тіркеу)
  • Әскери міндетілерді қюоды, есепке алуды және алуды жүзеге асырады және әскери міндеттілерді есепке алу жөніндегі журналды жеке жүргізеді, әскери билеттерді салыстырып тексеруді және есеп беруді ұсынады, әскери есепке алуды жүргізуге жауапты болып табылады
  • Қызметтік құжаттардың, бланкілердің, мөрлердің, мөртабандардың сақталуын және оларды пайдалану қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету
  • Біліктікті даярлау және қайта даярлау, біліктікті арттыру бойынша оқуға бұйрықтарды есепке алу және ресімдеу
  • Қызметкерлердің медициналық тексеруден уақытылы өтуін сепке алу
  • Қызметкерледің жеке істерін жүргізу және қалыптастыру, сондай-ақ кіріс, шығыс хат-хабарларды тіркеу бойынша іс қағаздарын жүргізу, жұмыс орнынан анықтамалар беру, құжаттарды орындау мерзімдерін сақтау отырып қызметтік куәліктер беру
  • Жалақысы сақталмайтын демалыс беру туралы ай сайынғы есептерді жасайды, ТТУ-3 журналын жүргізеді
  • Станция қызметкерлерін семинарларға біліктілікті арттыру курстарына және т б іссапарға жіберу туралы бұйрықтарды тіркейді және ресімдейді
  • Бөлім қызметкерлерінің табельдік есебін, станция бойынша демалыс кестелерін, басшыларды есепке алуды жүргізеді

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары
  • Мамандығы: құқықтану, менеджмент, психология, филология, падогогиқалық мамандықтар, экономика, теміржол мамандықтары, еңбекті ұйымдастыру және нормалау, мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 1 жылдан кем емес

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр