«Кедентранссервис» АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының қаржы-экономикалық мәселелер жөніндегі бас маманы

237691 - 288376
Филиал АО «Кедентранссервис» по Карагандинской области Қарағанды облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
73

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • Заманауи ақпараттық технологияларды, есептеу техникасы құралдарын, коммуникациялар мен байланысты пайдалана отырып, құқықтық құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу тәртібі;
  • филиал бойынша жалпы жылдық, тоқсандық, айлық өндірістік-қаржылық жоспарларды жасау;
  • өнімнің өзіндік құнын айқындау, үстеме, әкімшілік және жалпы шаруашылық шығыстарды есептеу, қызметтерге калькуляцияны есептеу, оларға барлық ағымдағы өзгерістердің енгізілуін бақылау;
  • жалпы филиал бойынша және қызмет түрлері бойынша анықтамалар-талдаулар жасау;
  • кәсіпорындағы қаржылық-экономикалық жағдайды жақсарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
  • шығындар элементтері бойынша пайдалану шығыстарын талдау, күтілетін шығыстарды жасау;
  • Ц. А. ай сайынғы, тоқсандық, жылдық өндірістік-қаржылық есептерді (КТ-2, КТ-3 және т. б. белгіленген нысан бойынша)ұсыну;
  • бухгалтериямен бірлесіп тоқсандық, жылдық есепке түсіндірме жазба жасау;
  • ҚПФ-1 нысаны бойынша апта сайынғы есептілікті, КТ-1 ай сайынғы есептілікті жасау;
  • филиалда күнделікті талдау жасау;
  • калькуляцияны есептеу;
  • филиалдың өндірістік-шаруашылық қызметін жоспарлау;
  • белгіленген көрсеткіштер тізбесі бойынша жылдық, тоқсандық тапсырмаларды жеткізу.

Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Саладағы мамандығы: Есеп және аудит, Экономика; Менеджмент; Қаржы; Көлік, көліктік техника және технологиялар (темір жол көлігі); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі)
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Бастапқы)