«KEGOC» АҚ «Орталық ЖЭТ филиалының Қосалқы станциялар қызметінің технигі
Негізгі лауазымдық міндеттер:
1) Электржелілік шаруашылық объектілерін жөндеу және профилактикалық пайдалану жұмыстары бойынша орындалған жұмыстардың актілерін тексеру жөніндегі жұмысты жүзеге асырады;
2) БМЖ енгізу бойынша жұмысты ұйымдастырады;
3) филиал бекіткен жөндеу жоспарлары мен кестелерінің және пэр жабдықтардың, ағымдағы жылдың басқа жоспарлары мен іс-шараларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
4) бағдарламаларды, нұсқаулықтарды және басқа да техникалық құжаттамаларды әзірлеуге қатысады;
5) филиалда және "KEGOC"АҚ-да пайдалану үшін қабылданған қолданыстағы стандарттарға, мәтіндік және графикалық техникалық құжаттамаға сәйкес теру және түзету бойынша жұмыстарды орындайды;
6) қосалқы станциялардың жабдықтарын пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды қайта қарауды және өзектендіруді бақылайды;
7) КҚҚ ОЖ есептен шығару және қайта бағалау жөніндегі құжаттарды дайындайды, ресімдейді және қол қояды;
8) қызметтің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұйрықтар мен өкімдерді және қызметтік жазбаларды дайындау бойынша жұмыс жүргізеді;
9) құжаттама бланкілеріне уақтылы және толық көлемде тапсырыс береді, қабылдайды және сақтауды ұйымдастырады;
10) жұмыста заманауи техникалық құралдарды пайдалану жөнінде қажетті шаралар қабылдайды;
11) филиал басшылығының біржолғы тапсырмаларын орындайды.
Талаптар:
- Техникалық және кәсіптік білім, орта білімнен кейінгі (арнаулы орта, кәсіптік орта);
- білім беру бейіні – электр энергетикасы мамандықтары бойынша;
- қажетті жұмыс тәжірибесі – жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;
- қазақ, орыс тілдерін білу.
Шарттары:
- ДС-ЖМ, 8:00-ден 17:00-ге дейін, түскі үзіліс 12:00-ден 13:00-ге дейін, сенбі-жексенбі – демалыс;
- Жұмыс орнына уақытында келу шартымен Қарағанды қаласында тұру міндетті.
Түйіндемені қабылдау 2024 жылдың 27 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылады.
Қажетті білім дәрежесі
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Озат)