Негізгі маман Филиалдың іс жүргізу секторы Республикалық арнайы байланыс қызметі
«Қазпошта» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
1. құжаттаманы рәсімдеудің біртұтас тәртібін қамтамасыз ету, құжаттармен жұмыс ұйымдастыру, құжаттардың орындалуын бақылау және ведомстволық архивке беру үшін құжаттарды дайындау;2. Филиалда іс жүргізу және құжат айналымы нормаларының сақталуын бақылау, электрондық құжат айналымын жетілдіру;
3. құжаттарды бастапқы өңдеу, алдын ала қарау, тіркеу, есепке алу, сақтау, жеткізу және уақытында жіберу;
4. Филиалдың іс номенклатураларын әзірлеу, Алматы қаласының Мемлекеттік архивімен келісу және оның бекітілуін қамтамасыз ету;
5. бекітілген іс номенклатурасына сәйкес филиалдың құрылымдық бөлімшелерінде істердің қалыптасуын бақылау;
6. құрылымдық бөлімшелерде істердің дұрыс рәсімделуін және қалыптасуын бақылау, құжаттардың сақталу және жою мақсатында құндылықтарын сараптау ұйымдастыру, филиалдың ведомстволық архивін жеке құрам бойынша, тұрақты және уақытша сақтау мерзімі бар құжаттармен толықтыру; Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорының құрамына жататын құжаттарды тұрақты мемлекеттік сақтау үшін Мемлекеттік архив филиалдарына уақытында дайындау және беру;
7. филиал директорының қабылдауына келушілерді жазу;
8. филиал директоры өткізетін отырыстар мен кеңестерді дайындау бойынша жұмыстарды орындау (қажетті материалдарды жинау, қатысушыларды өткізу уақыты мен орны, күн тәртібі туралы хабардар ету);
9. апталық есептілікті қалыптастыру, аппараттық кеңестерге деректер енгізу;
10. құжаттарды бастапқы өңдеу, алдын ала қарау, тіркеу, есепке алу, сақтау, жеткізу және уақытында жіберу жұмыстарын жүргізу, соның ішінде «Қызметтік пайдалануға» белгісімен;
11. құжаттаманы рәсімдеу бойынша қоғамда белгіленген талаптарға сәйкес шығатын хат жобаларын келісу (нормоконтроль);
12. қоғамның негізгі қызметі бойынша нормативтік құжаттар жобаларын келісу, қоғамда белгіленген талаптарға сәйкес рәсімдеу дұрыстығын тексеру (нормоконтроль);
13. негізгі қызмет бойынша нормативтік құжаттарды тіркеуді қамтамасыз ету;
14. негізгі қызмет бойынша және ВНД-ны ішкі ресурстарда жалпы қолжетімділікпен тарату;
15. филиалдың СЭД-інде құжаттарды күнделікті бақылауға қою, тапсырмалар/хаттамалар, жоспарлар, негізгі қызмет бойынша нормативтік құжаттарды бақылау пункттерін енгізу;
16. филиалдың құрылымдық бөлімшелерінде жалпы іс жүргізу, архивтік іс жүргізу және архивтік бөлменің жағдайы, филиал басшылығының бақылау тапсырмаларының мониторингі, азаматтармен жұмыс жағдайы бойынша тексерулер жүргізу;
17. ішкі нормативтік құжаттарды тіркеу (идентификациялық нөмір беру) және филиалдың ішкі нормативтік құжаттарының тізімін жүргізу;
18. Сараптама комиссиясының қызметін қамтамасыз ету, оның қызметін жоспарлау және үйлестіру;
19. архивтік анықтамаларды беру бойынша жеке және заңды тұлғалардың сұрауларына жауап беру (қоғамда жұмыс істеу фактілері, жалақы мөлшері және т.б.) филиал архивінде сақталатын құжаттарға сәйкес;
20. филиалдың электрондық кітапханасының деректерін жүргізу, оны уақытында толықтыру және жаңарту;
21. аппараттық және жұмыс кеңестерінің хаттамалық тапсырмаларын филиалдың мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне жеткізу;
22. ҚР мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі нұсқаулықты сақтау және орындау;
23. филиалда құпиялылық режимін қамтамасыз ету және сақтау;
24. СВТ-ға телефондарды, флешкаларды қосу, құжаттарды көшіру, фото және видео түсіру үшін жеке жауапкершілікті көтеру.
Талаптар:
-
Жоғары білім
-
Жұмыс тәжірибесіне талаптар қойылмайды.
Шарттар:
- 5/2, 9:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліс 13:00-14:00
-
Алматы қ., Бродский к., 33
Ұқсас вакансиялар
Кадрлар және оқыту инженері, 2-разряд, Батыс жылу кешені (ЗТК)
«Алматы электр станциялары» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Алматы қ.
27.12.2024 | 743
«KEGOC» АҚ ҰЙЫМДАСТЫРУ-ӘКІМШІЛІК ЖҰМЫС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚҰЖАТТАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАС МЕНЕДЖЕРІ (ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ КОНКУРСТАР)
«KEGOC» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
26.12.2024 | 549
от 501900 KZT
Жиынтық-талдау жұмысы және бақылау департаментінің аға менеджері
«Самрук-Қазына» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
26.12.2024 | 8764