Өндірістік процестерді автоматтандыру жөніндегі инженері

490000 - 490000 KZT
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС Павлодар қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
85

   Конкурс туралы

Лауазымның функционалы:

  • КИПиА-ның сенімділігін арттыруға бағытталған ұйымдастырушылық-техникалық шараларды әзірлеу және енгізу;
  • жұмыс тобы құрамында КИПиА-ның критикалық анализін жүргізу;
  • себептерді талдау (RCFA) жүргізу, әзірленген шаралардың орындалуын бақылау;
  • КИПиА-ның сенімділік мәселелерін шешу жолдарын іздеуге қатысу, бұл жабдықтың жалпы тиімділігіне әсер етеді;
  • КИПиА-ның апатсыз және сенімді жұмысын бақылау;
  • КИПиА-ны есепке алу;
  • жабдықты ауыстыру және модернизациялау бойынша жаңа жобаларды әзірлеу қажеттілігін негіздеу мақсатында FMECA және RCM анализдерін ұйымдастыру және жүргізу.

Квалификациялық талаптар:

  • «Автоматтандыру және басқару», «Технологиялық процестер мен өндірістерді автоматтандыру», «Электр жетегі және автоматтандыру», «Электр энергетикасы», «Электротехника және автоматтандыру» мамандығы бойынша жоғары (магистратура) білім.
  • жұмыс стажына талаптар қойылмайды.

Білім мен дағдылар:

  • мемлекеттік, орыс тілдерін білу;
  • заманауи пайдаланушы деңгейінде компьютерді меңгеру, 1С, MS Office, Autocad, Sap бағдарламаларын білу;
  • метрология негіздерін, КИПиА-ның жоспарлы-профилактикалық жөндеу және техникалық қызмет көрсету жүйесін білу;
  • реттегіш және ажыратқыш клапандардың жұмыс принциптерін, баптау және қызмет көрсетуін білу;
  • мұнай өңдеу өнеркәсібінде қолданылатын өлшеу құралдарының өлшеу принциптерін, түрлерін білу;
  • КИП және АСУТП-ның жоспарлы-профилактикалық жөндеу, техникалық қызмет көрсету жүйесін білу;
  • нормативтік-техникалық және жөндеу құжаттамасымен жұмыс істеу дағдылары, сызбалармен жұмыс істеу дағдылары;
  • жобалық құжаттамамен жұмыс істей білу.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр