Игеруді жоспарлау тобының жетекшісі (Атырау қаласында тұрақты іссапар)

«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
20

Қаралған саны:
257

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттері:

  • игеру бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін топқа жетекшілік ету және топ мүшелерін Компанияның жобаны басқару процесіне қатысты анықтау, бағалау және таңдау сатыларының шешім қабылдау кезеңдеріне жетелеу;
  • Компанияның жобаны басқару процесі талаптарына сәйкес әр игеру кезеңіне қатысты барлық құжаттарды тиісті сапада жүзеге асыруға жауапты болу;
  • жобаны тәуелсіз талдау кезеңіне өту үшін зертеу жұмыстарына арналған барлық қажетті ақтық-жобалық құжаттаманың болуын қамтамасыз ету;
  • шешім қабылдау кезеңіне өту үшін зерттеу жұмыстарына арналған, жобаны тәуелсіз талдау кезеңінде анықталған барлық маңызды шараларың орындалуына жауапты болу;
  • жобалардың игеруді жоспарлау және зерттеу жұмыстары бөлімінен жаңа жобалар директоратына бірқалыпты тапсырылуын қолдау үшін негізгі байланыс тұлғаларымен және мүдделі тараптармен тиісінше жұмыс істеу және келісу;
  • пайдалану кезеңі мен болашақ кеңейту жобаларына қатысты игеру жұмыстары бойынша жұмыс көлемдеріне, соның ішінде өнім қойнауқат(тар)ы, қолданыстағы нысандардағы және оңтайландыру жұмыстары үшін техникалық және экономикалық негіздеме жөнінде жан-жақты ұсыныс беру, бұрғылау ұңғымалары бойынша жаңа салаларды дамыту, шикі мұнай өндіру үшін жаңа нысандар, қолданыстағы нысандарға жалғану орындарын салу жұмыстарына жауапты топқа (соның ішінде инженерлік-техникалық қызметтер жөніндегі мердігерлерге) жетекшілік ету, қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау талаптарын, барлық тиісті қатерлерді, мүдделі тараптармен жұмыс істеу мен коммерциялық салдарларды ескеру дағдысы;
  • инженерлік салалардың барлық түрлеріне және бөлім ішінде күнбе-күнгі және ұзақ мерзімді техникалық мәселелер бойынша мамандық кеңес беру;
  • игеруді жоспарлау және зерттеу жұмыстары департаменті процестерінің сақталуын және жаңартылуын қамтамасыз ету мақсатында бөлім басшылығына жетекші маман деңгейінде көмек көрсету;
  • тиісті тараптармен әсерді азайту шараларын қолдану қажеттілігін бағалау үшін жұмыс барысының негізгі кезеңдеріне талдау жасау;
  • қарамағындағы топтың жұмыс көлеміне арналған көп жылдық және жылдық жұмыс бағдарламасы мен бюджет әзірлеу; компаниядағы тиісті топтармен қарым-қатынас құру, тиісті деректерді талдау және басшылыққа презентация материалдарын әзірлеу жұмыстарына қатысу; 
  • сыртқы хат-хабарларға және басқа да сұраныстарға жауап әзірлеу;
  • ЖАЖ жұмыстарын жүргізу кезінде ДЕҚҚОҚ стандарттары мен сапаны бақылау процедураларын сақтау;
  • қызметкерлердің жұмыс нәтижесін бақылау және дамыту мақсаттарын белгілеу, жауаптыларды тағайындау, мақсаттар қою, басымдылықтарды белгілеу, жыл сайынғы қызметкерлерді бағалау процесін жүргізу;
  • қызметкерлерге қолдау көрсету және бірлесіп әрекет ету тәсілін қолдана отырып, олардың біліктілігін арттыру және оларға тәлімгерлік ету, жұмыс нәтижелерін бақылау және бағалау;
  • жобаларды жүзеге асыруға және игеру бойынша зерттеу жұмыстарына қатысты мақсаттар мен жұмыстарды анықтау, белгілеу;
  • күтілетін қызмет көрсету деңгейіне қатысты жұмыс нәтижелілігін бақылау және бағалау; жақсартуды қажет ететін және алаңдаушылық туғызатын тұстарды анықтау, персоналды жеке, қызмет саласындағы және ДЕҚҚОҚ-қа қатысты мақсаттарға қол жеткізуге үйрету және жігерлендіру;

Кәсіби біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі:

  • жобалау, техникалық зерттеулер жүргізу, жобаны басқару, жобаның жүзеге асырылуын бақылау, жоспарлау, іскерлік әкімшілік және / немесе іспеттес салалар бойынша дипломы;
  • инженерлік жобалау, жобаны басқару, іскерлік әкімшілік салаларында 6-8 жыл істеген жұмыс тәжірибесі;
  • мұнай және газ саласындағы жетекші маман лауазымында кемінде 6 жыл тікелей немесе мердігер компаниялар арқылы істеген жұмыс тәжірибесі.
  • ірі мұнай және газ компаниясында және / немесе оларға қызмет көрсетуші мердігер компанияда жасаған 6 жылдан астам жұмыс тәжірибесі;
  • инженерлік жобалау, жобаны басқару салаларында 6 жылдан астам жұмыс тәжірибесі;
  • жоғарыда аталған және / немесе іспеттес салалар, сонымен қатар инженерлік жобалау немесе техникалық сала бойынша терең білімі.
  • ірі мұнай және газ компаниясының қызметіне қатысты әр түрлі деректер жиынтығын талдауға және түсіндіруге қабілеті;
  • мұнай-газ саласындағы игеруді жоспарлау процестері мен процедуралары, жобаны басқару тұжырымдамалары туралы терең білімі;
  • ықтимал тосқауылдарды / салдарды төмендету шараларын анықтау қабілеті мен жетекшіліктің қарауына ұсыну үшін қысқа да нақты түрде талдау есептерін дайындау дағдылары;
  • топқа жетекшілік ету дағдысы;
  • көпұлтты ортада жұмыс істеу қабілеті.
  • Артықшылық болып саналатын кәсіби дағдылары:
  • теңіз және құрлық кешенінде мұнай және газ нысандарын пайдалану бойынша жалпы білімі; түрлі техникалық салаларда инженерлік жобалау дағдылары;
  • мықты талдау дағдылары;
Жұмыс шарттары

  • 5/2
  • Атырау қаласындағы офис
  • Тұрақты іссапар


Қажетті білім дәрежесі

  • Маман
  • Техникалық және кәсіптік білім беру

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Кәсіби)