«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Жамбыл ЖТ бөлімшесі» филиалы (НОД-8) Тасымалдау шарттарын ұйымдастыру бөлімінің жетекші инженері

от 256853
НОД-8 (Жамбылское отделение ГП) Жамбыл облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
44

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • Станциялардың коммерциялық актілерді жасау және тергеп-тексерудің дұрыстығын есепке алуды және тексеруді жүргізеді, олар бойынша қорытынды жасайды және жүктердің сақталмауы және акт-аналитикалық жұмыс бойынша талаптарды реттеу және қарау басқармасына анықтама береді;
  • ішкі істер желілік басқармасымен және әскерилендірілген күзетпен станцияның сақталмаған тасымалдау мәселелері бойынша, іздестіру істерін сапалы жүргізу бойынша, құжаттық вагондарсыз, контейнерлерсіз және ұсақ жөнелтілімдерсіз жұмысын бақылайды;
  • ішкі істер желілік басқармасының қызметкерлері ұрлаушылардан заттай дәлел ретінде алып қойған жүктердің қозғалысын бақылайды және қажет болған жағдайда оларды іске асырумен айналысады;
  • бөлімшенің жауапкершілігіне жатқызылған сақталмаған тасымалдардың әрбір жағдайын қарайды, кінәлілік дәрежесін анықтау үшін қосымша тергеу жүргізеді, қажет болған жағдайларда негізсіз жатқызылған залалдарға жазбаша наразылық дайындайды, басқа бөлімшелердің жауапкершілігіне акт материалдарын таратуды жүргізеді;
  • БП Жамбыл бөлімшесі қызметкерлерінің жүкті вагоннан ажыратуынан болған шығындарды өтеу жөнінде шаралар қабылдайды.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Саладағы мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану; Теміржол көлігіндегі жүк және коммерциялық жұмыс
  • Жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан кем емес, оның ішінде: 1 санатты инженер/инженер-технолог/ жүк жұмысы станциясының диспетчері/тауар кассирі/жүк пен багажды қабылдау-тапсырғыш/тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор лауазымдарында.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Бастапқы)