"KEGOC" АҚ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДЕРЕКТЕРДІ БАСҚАРУ БӨЛІМІНІҢ КОРПОРАТИВТІК МАЗМҰНДЫ ЖӘНЕ МЕТАДЕРЕКТЕРДІ БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ МЕНЕДЖЕРІ (ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ КОНКУРСТАР)
!!! Негізгі қызметкер болмаған кезеңдегі уақытша вакансия
Лауазымдық міндеттері:
1) контент пен метадеректерді басқару жөніндегі ішкі құжаттарды әзірлейді және енгізеді;
2) мазмұнға, метадеректерге қойылатын талаптарды жинауды және талдауды орындайды;
3) метадеректер мен кәсіпорын мазмұнына қатысты оқиғалар мен мәселелерді тіркейді және шешеді;
4) "KEGOC"АҚ деректер архитектурасында пайдаланушылардың контентке және метадеректерге қойылатын талаптарының дұрыс көрсетілуіне бастамашылық жасайды және бақылайды;
5) корпоративтік контент пен метадеректерді басқару құралдарын енгізуді жүзеге асырады;
6) деректерді дайындау және шешімдерді енгізу процесі бойынша ішкі құжаттарды әзірлеуді және өзектендіруді, деректерді жүргізу бойынша қабылданған шешімдерге сәйкес эталондық деректерді дайындауды, деректердің тиісті моделін әзірлеуді қамтамасыз етеді;
7) жүйемен жұмысты оңайлатуға және сапалы жақсартуға мүмкіндік беретін шешімдерді әзірлейді және енгізеді;
8) пайдаланушыларды қолдауды орындайды және контентпен және метадеректермен операциялар мәселелері бойынша деректер кураторларымен өзара іс-қимыл жасайды;
9) оқыту материалдарын әзірлейді және контент пен метадеректерді басқарудың тәсілдері, стратегиялары, рәсімдері мен пайдасы бөлігінде "KEGOC" АҚ деректер кураторлары мен персоналын оқытуды жүргізеді;
10) метадеректер мен мазмұн тізілімдерін басқарады;
11) корпоративтік сөздік жасайды және жүргізеді;
12) SAP ERP, SAP HCM модульдеріндегі базалық бизнес-процестер бойынша және кеңейтілген бизнес-процестер бойынша "SAP құжаттарының электрондық қоймасы" корпоративтік контентті басқарудың бірыңғай жүйесін (ЕЖМ) басқарады;
13) компанияның электрондық Мұрағатын дамыту үшін құжаттаманы әзірлеуді және ақпарат жинауды жүзеге асырады;
14) Lotus ЭҚЖ бөлімінің электрондық құжат айналымы жүйесін басқарады;
15) сатып алу үшін құжаттарды әзірлейді, дайындайды және келіседі;
16) "Самұрық-Қазына"Электрондық сатып алу порталында сатып алуды құруды, құжаттарды енгізуді және бөлімнің сатып алуы бойынша бақылауды жүзеге асырады
17) Бөлімнің іс қағаздарын жүргізеді;
18) бөлім қызметі шеңберінде "KEGOC" АҚ бұйрықтарының, өкімдерінің және басқа да құжаттарының жобаларын әзірлейді.
Талаптар:
- Жоғары, бағыты бойынша: ақпараттық технологиялар, Информатика, Экономика, Бизнес және басқару, математикалық экономика және деректерді талдау
- Саласындағы жұмыс тәжірибесі Ақпараттық технологиялар, Есептеу техникасы және басқару немесе электр энергетикасы саласы кемінде 3 жыл
- Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білу.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
- Деректерді/ақпаратты басқару саласындағы білім мен тәжірибе (корпоративтік мазмұнды басқару, метадеректер).
- SAP ERP тәжірибесі.
- Аналитикалық дағдылар (талдау, егжей-тегжейлі және жалпылау).
- Презентациялар құру және өткізу дағдысы.
Түйіндемені қабылдау 2025 жылғы 14 қаңтарға дейінгі мерзімде (қоса алғанда) жүзеге асырылады.
Қажетті қабілеттер
- управление данными
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Магистр