Басқарма Төрағасының даму және жобалық басқару жөніндегі Орынбасары

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
119

Қаралған саны:
4236

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Қазақстан Республикасының заңнамасына, даму стратегиясына, ішкі саясаттарға және нормативтік құжаттарға сәйкес компанияның жобалар портфелін тиімді басқаруды қамтамасыз ету;
  • Жобаларды басқарудың халықаралық стандарттарын (PRINCE2, IPMA) енгізу арқылы жобалық процестердің сапасы мен жетілуін арттыру;
  • Құрылыс жобаларын жүзеге асыру бойынша қызметті үйлестіру.
  • Құрылыс және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша стратегиялық мақсаттарды әзірлеу және іске асыру;
  • Инвестициялық қызметті дамыту арқылы компанияның табыстылығын арттыру;
  • Инвестициялық жобаларды, оның ішінде құрылыс жобаларын сапалы бағалау және сараптама жүргізу;
  • Ақпараттық технологиялардың тиімді жұмысын ұйымдастыру, цифрландыру мен бизнес-процестерді автоматтандыруды дамыту арқылы компанияның жұмыс тиімділігін арттыру;
  • Жоғарыда аталған бағыттарды жүзеге асыру арқылы компанияның стратегиялық мақсаттарына жету.

Талаптар:

  • Құрылыс, соның ішінде азаматтық құрылыс сияқты функционалдық салаларда кемінде 10 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметімен айналысатын компанияларда жетекшілік және басқарушылық қызметтегі кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • Құрылыс компанияларында жобаларды және портфельдерді басқаруды енгізу және бейімдеу бойынша табысты тәжірибе, жобаларды жүзеге асыру тиімділігін арттыру үшін халықаралық стандарттарды енгізу;
  • Әр түрлі департаменттер мен мүдделі тараптар арасында үйлестірумен кешенді портфельді басқару шеңберінде жобаларды басқару бойынша практикалық тәжірибе;
  • Инвестициялық құрылыс жобаларын жүзеге асыру тәжірибесі.
  • Құрылыс саласында жоғары кәсіби білім немесе лауазымның қызмет бағыттарына қатысты басқа білім;
  • Халықаралық жобаларды басқару стандарттары бойынша сертификаттардың болуы.
  • Экономика, IT саласында қосымша білімнің болуы артықшылық болып табылады.
  • Білім, дағдылар:

    • Лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;
    • Азаматтық құрылыс саласындағы теориялық және практикалық білім;
    • Құрылыс жобаларын жүзеге асыру немесе сүйемелдеу дағдылары;
    • Халықаралық стандарттарға (IPMA, ISO және т.б.) негізделген жобаларды басқаруды енгізу саласындағы теориялық және практикалық білім;
    • Жобаларды әзірлеуден жүзеге асыруға және мониторингке дейін барлық кезеңдерде жобаларды басқару стандарттарын тиімді қолдана білу
    • Орыс және мемлекеттік тілдерді білу.   
  • Компетенциялар: 

    • Тамаша болуға бағдар;
    • Үздіксіз өзін-өзі дамыту;
    • Принциптерге адалдық және батылдық;
    • Шабыттандыратын көшбасшылық;
    • Өзгерістерді ілгерілету;
    • Стратегияны түсіну және икемділік;
    • Өзгерістерді басқару;
    • Әлеуметтік жауапкершілік;
    • Мүдделі тараптармен ынтымақтастық.

Шарттар:

  • Жұмыс орнының нақты мекен-жайы (қызметкер қайда жұмыс істейді): Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 17/10;
  • Толық жұмыс уақыты, толық күн.
  • Кемінде 1 жыл мерзімге еңбек келісімшартының жасалуы;
  • Сапарлардың болуы;
  • Нысаналы көрсеткіштерді орындау нәтижелері бойынша сыйақы төлемдері.