"KEGOC" АҚ Ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер" филиалы Ақпараттық технологиялар қызметін пайдаланушыларды сүйемелдеу тобының инженері
Міндеттері:
-
адал және жауапкершілікпен жұмыс істеу, еңбек тәртібін сақтау, жүктелген еңбек міндеттерін еңбек шартына, ұжымдық шартқа, лауазымдық нұсқаулыққа, «KEGOC» АҚ Басқарма Төрағасының және өзге де басшылардың актілеріне сәйкес сапалы, уақтылы және нәтижелі орындау;
2) «KEGOC» АҚ-ның Саясатын, Мақсаттарын, Бағдарламаларын, сондай-ақ ИСМ саласындағы Департаменттің Мақсаттарын білу және оларды іске асыруды қамтамасыз ету;
3) «KEGOC» АҚ құжаттамасының талаптарын, оның ішінде ИСМ саласында, Қызметтің қызметіне және Топ инженерінің функцияларына сәйкес орындау;
4) «KEGOC» АҚ-ның ішкі нормативтік құжаттарымен еңбек және орындаушылық тәртібі, қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау, «KEGOC» АҚ-ның өрт қауіпсіздігі бойынша, «KEGOC» АҚ-да алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Саясаты және Мінез-құлық кодексі (іскерлік этика), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына және «KEGOC» АҚ құжаттамасына сәйкес өзге де нормалар мен ережелер белгіленген талаптарды сақтау;
5) «KEGOC» АҚ-ның мүлкін және мүліктік мүдделерін ұрлықтан, жойылудан, бүлінуден және басқа да қолайсыз әсерлерден қорғау үшін барлық шараларды қабылдау;
6) Топ инженері өзіне еңбек міндеттерін орындауына байланысты белгілі болған «KEGOC» АҚ-ның қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпиясын жария етпеу;
7) «KEGOC» АҚ аумағынан тікелей басшының рұқсатынсыз оған тиесілі емес ешқандай құжаттарды, іскерлік қағаздарды шығармау, ал оған тиесілі емес мүлік пен өзге де заттарды — қауіпсіздік Департаменті директорының тиісті түрде ресімделген мүліктік рұқсат қағазымен рұқсатынсыз шығармау;
8) еңбек өнімділігін арттыру, кәсіби деңгейі мен біліктілігін жүктелген еңбек міндеттерін нәтижелі орындау үшін көтеру.
Лауазымдық (функционалдық) міндеттері:
- компьютерлік-цифрлық техниканы (бұдан әрі — КЦТ) және бағдарламалық қамтамасыз етуді (бұдан әрі — БҚ) орнату, баптау, тәжірибелік тексеру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ оларды пайдалануға енгізу;
- есептеу техникасы құралдарында және кеңселік және қолданбалы сипаттағы БҚ-мен жұмыс істеу кезінде туындайтын мәселелер бойынша пайдаланушыларға техникалық сүйемелдеу көрсету;
- жұмыс барысында туындаған бұзушылықтарды жою үшін жедел шаралар қабылдау;
- «Параграф» жүйесінің администраторы ретінде серверлік және клиенттік БҚ орнату, БҚ әзірлеушісі ұсынған жаңартуларды инсталляциялау, операциялық жүйе істен шыққан жағдайда дерекқорды қалпына келтіру бойынша жүктелген міндеттерді орындау;
- «БД Закон» жүйесінің администраторы ретінде серверлік және клиенттік БҚ орнату, БҚ әзірлеушісі ұсынған жаңартуларды инсталляциялау, операциялық жүйе істен шыққан жағдайда дерекқорды қалпына келтіру бойынша жүктелген міндеттерді орындау;
- «Диагностика+» жүйесінің администраторы ретінде серверлік және клиенттік БҚ орнату, БҚ әзірлеушісі ұсынған жаңартуларды инсталляциялау, операциялық жүйе істен шыққан жағдайда дерекқорды қалпына келтіру бойынша жүктелген міндеттерді орындау;
- «Банк-Клиент» жүйесінің администраторы ретінде клиенттік БҚ орнату, БҚ әзірлеушісі ұсынған жаңартуларды инсталляциялау, операциялық жүйе істен шыққан жағдайда дерекқорды қалпына келтіру бойынша жүктелген міндеттерді орындау;
- PolyCom, Zoom, TrueConf, Microsoft Teams бейнебайланыс конференциясын баптау, пайдалану бойынша жүктелген міндеттерді орындау;
- Windows Server 2003/2008/2012 өмірлік циклін басқаруды жүзеге асыру, оның ішінде жоспарлау, әзірлеу/сатып алу, енгізу, сүйемелдеу, жаңғырту және Windows Server 2003/2008/2012 немесе оның компоненттерін пайдаланудан шығару;
- жабдықтарды, қосалқы бөлшектерді, құралдар мен керек-жарақтарды (бұдан әрі — ЗИП), шығын материалдарын, қызметтерді және бағдарламалық-аппараттық кешеннің басқа да компоненттерін сатып алуды ұйымдастыруға және жоспарлауға қатысу, сондай-ақ оларды техникалық қолдауды қамтамасыз ету;
- Қоғам үшін компьютерлік-цифрлық техникаға қатысты инвестициялық бағдарламаны қалыптастыру;
- сандық жабдық пен есептеу техникасын жеткізуге арналған тендерлерді ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
- бағдарламалық-аппараттық кешенді енгізуді және пайдалануды ұйымдастыру;
- бағдарламалық-аппараттық кешеннің ағымдағы жай-күйіне мониторинг жүргізу;
- заманауи жабдық пен телекоммуникация және есептеу техникасы құрылғыларын енгізу және игеру бойынша эксперименттік, баптау және өзге де жұмыстарға қатысу;
- «негізгі құралдар» тобы бойынша материалдық жауапты тұлға болып табылады;
- КЦТ жабдықтарын, қызметтерді және бағдарламалық-аппараттық кешеннің басқа да компоненттерін сатып алуды ұйымдастыруға және жоспарлауға, қарауындағы мәселелер шеңбері бойынша қатысу;
- тауарлық-материалдық қорлар мен негізгі құралдарды тексеруге және қабылдауға қатысу;
- Қоғамның өндірістік және қаржылық қызметі туралы жылдық есептерді қабылдауға және қарауға қатысу;
- SAP-қа MM модулінде деректер енгізу: жеткізу — ТРУ қажеттілігіне өтінімдерді енгізу, жеткізуге тапсырыс, шарт, кіріс жеткізу, түсу, алдын ала шот-фактура; MDG модулінде: іскер серіктестікті енгізу, материалдарды енгізу;
- КЦТ бойынша негізгі құралдарды есептен шығару;
- КЦТ бойынша негізгі құралдардың тізімін кәдеге жаратуға қалыптастыру;
- қарауындағы мәселелер шеңбері бойынша Қоғамның құрылымдық бөлімшелеріне әдістемелік көмек көрсету;
- кешенді антивирустық қорғаныс администраторы ретінде серверлік және клиенттік БҚ орнату, БҚ әзірлеушісі ұсынған жаңартуларды инсталляциялау, операциялық жүйе істен шыққан жағдайда дерекқорды қалпына келтіру бойынша жүктелген міндеттерді орындау;
- бюджеттік және орта мерзімді жоспарлау рәсімдеріне қатысу;
- сатып алу мен жабдықтау жоспарлау және ұйымдастыру рәсімдеріне қатысу;
Талаптар:
- Компанияның бизнесі мен қызметін түсіну;
- өзінің лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде техникалық және өрт қауіпсіздігі ережелерінің салалық қағидалары, нормалары, талаптары;
- техникалық құжаттаманы әзірлеу және ресімдеу тәртібі;
- коммуникациялық дағдылар, аналитикалық және логикалық ойлау;
- ұқыптылық, жауапкершілік, дәлдік;
- кәсібилік (адалдық, объективтілік және кәсіби этика қағидаларын қатаң сақтау).+
- MS office-ті тәжірибелі пайдаланушы;
- қазақ және орыс тілдерін білу;
- COBIT процестерін білу.
Шарттар:
- Жұмыс кестесі: 5/2 (демалыс күндері жұмысқа шығу мүмкін)
- Толық әлеуметтік пакет
- Вакансия Астана қ. Тәуелсіздік даңғылы, 59 ғимаратында орналасқан.
- 09:00-ден 18:00-ге дейін, түскі ас 13:00-14:00
Ұқсас вакансиялар