Маркетингтік бағаларды айқындау бөлімінің аға деректер талдаушысы (СФ)
«Қазақтелеком» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
-Маркетингтік бағаларды айқындау үшін тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша нарықтық, сатып алу және бастапқы есеп деректерін талдау.-Басқарушылық шешімдер қабылдау үшін аналитикалық материалдар, қорытындылар, есептер және дашбордтарды дайындау.
-Деректердің сапасын, толықтығын және шынайылығын тексеру, аналитикалық тәсілдер мен алгоритмдерді жетілдіру.
-Аналитикалық модельдерді әзірлеу және дамыту, гипотезаларды тестілеуге және Big Data жобаларына қатысу.
-Маркетингтік бағаларды айқындау процестерін автоматтандыру үшін бизнес-талаптарды, техникалық тапсырмаларды, алгоритмдерді, сызбалар мен деректерге және интеграцияларға қойылатын талаптарды қалыптастыру.
-AS-IS/TO-BE бизнес-процестерін сипаттау және оңтайландыру, цифрлық шешімдерге арналған пайдаланушы сценарийлерін және қабылдау критерийлерін қалыптастыру.
-ИИ-агенттерін және жасанды интеллектке негізделген басқа да шешімдерді енгізуге, тестілеуге және валидациялауға қатысу.
-ИИ-шешімдердің дәлдігі мен тиімділігін бағалау, ауытқуларды анықтау және оларды жетілдіру мен ауқымдауға қатысты ұсыныстар қалыптастыру.
-Бизнес-бөлімшелермен, әзірлеушілермен, деректер аналитиктерімен және ақпараттық жүйелердің иелерімен өзара әрекеттесу.
-Бағалық талдаудың дәлдігі мен жылдамдығын арттыруға және деректерді қолмен өңдеуді қысқартуға бағытталған цифрлық құралдарды дамыту.
Талаптар:
-Жоғары техникалық білім-Телекоммуникация саласында немесе мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі
-Бағдарламалау
-Деректерді талдау әдістерін, статистикалық өңдеуді, деректер сапасын тексеруді және деректерді визуализациялауды білу.
-SQL-мен, BI-жүйелермен, кестелік процессорлармен және деректерді талдау құралдарымен жұмыс істеудің практикалық дағдылары.
-Аналитикалық модельдерді құру қағидаттарын, гипотезаларды тестілеуді және үлкен көлемдегі деректермен жұмыс істеуді (Big Data) түсіну.
-Аналитикалық және басқарушылық есептілікті дайындау, дашбордтарды әзірлеу дағдылары.
-Бизнес-талдаудың негіздерін білу және AS-IS / TO-BE процестерін сипаттау дағдылары.
-Бизнес-талаптарды, деректерге және интеграцияларға қойылатын талаптарды жинау, талдау және формализациялау дағдылары.
-Техникалық тапсырмаларды, функционалдық талаптарды, алгоритмдерді, сызбалар мен қабылдау критерийлерін дайындау тәжірибесі.
-Жасанды интеллектке негізделген шешімдердің жұмыс істеу қағидаттарын, соның ішінде ИИ-агенттерді, сондай-ақ оларды тестілеу және валидациялау тәсілдерін түсіну.
-Аналитикалық және ИИ-шешімдер нәтижелерінің сапасын, дәлдігін және қолданылуын бағалау дағдылары.
-Сатып алу қызметінің негіздерін және нарықтық және сатып алу деректерін талдау тәсілдерін білу.
-Аналитикалық ойлау, жүйелік тәсіл, деректер сапасы мен шынайылығына мұқияттылық.
-Презентациялар, аналитикалық қорытындылар және басшылыққа арналған материалдарды дайындау дағдылары.
Ұқсас вакансиялар
Менеджер, Қызметті сүйемелдеу секторы
ТОО QazCloud | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
18.09.2026 | 1589
Зерттеу жұмыстары бөлімінің аға ғылыми қызметкер
«Қазақтелеком» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
18.09.2026 | 3762
Коммуникациялар және брендті ілгерілету департаментінің директоры Барлық құқықтар қорғалған. Белсенді сілтемені пайдаланыңыз
«Қазақтелеком» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
18.09.2026 | 431