Сервистік қызметінің газ қондырғыларын пайдалану және жөндеу жөніндегі слесарі
«QazaqGaz Aimaq» АҚ Шымкент өндірістік филиалы Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
Талаптары:
- ГРПШ-ті іске қосу-жөндеу жұмыстары бойынша газ қауіпті жұмыстарды орындау;
- Ішкі газ құбырларын кіріс кранынан кейін тығыздыққа бақылау сынақтарын өткізу, іске қосу жұмыстары басталар алдында тиісті актілерді толтыра отырып орындау;
- Кіріс рұқсат қағаздарына сәйкес тұрғын үйлердің, коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындардың газ жабдықтарына бастапқы және қайталама газ жіберу бойынша газ қауіпті жұмыстарды орындау, тиісті актілерді толтыру;
- Газ жылдам әрекет ететін және сыйымдылықты автоматты су жылытқыштарын ауыстыру, қызмет көрсету, реттеу және жөндеу бойынша слесарлық жұмыстарды орындау, жылыту пештерінің жанарғылары, пәтерлік жылыту қазандықтары, автоматтандырылған аспаздық қазандықтар мен мейрамханалық плиталар, топтық баллондық қондырғылар, газ жабдықтары мен газ реттегіш пункттердің санитарлық-техникалық жабдықтары (әртүрлі типтегі реттегіштер мен негізгі және импульстік газ құбырларына арналған ысырмалар);
- Жұмыс істеп тұрған газ құбырларына қосу және кесу бойынша қарапайым слесарлық жұмыстарды орындау;
- Барлық типтегі центрифугалық және поршеньді сорғылар мен компрессорларды жөндеу, буландыру қондырғыларына, өздігінен жабылатын клапандарға, баллон вентильдеріне және сұйытылған газға арналған редукторларға қызмет көрсету және жөндеу;
- Жұмыс істеп тұрған газ реттегіш пункттерді және жаңа салынатын станцияларды қайта құру кезінде монтаждау жұмыстарын орындау;
- Газ жіберу, коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындар мен мекемелерде орнатылған барлық типтегі газ жабдықтарына, сондай-ақ автоматтандырылмаған қазандықтарға қызмет көрсету және жөндеу.
- Кіріс кранын пломбалау, бұрандалы қосылыста тығын орнату арқылы газ өшіру бойынша газ қауіпті жұмыстарды орындау, пломбаны алу арқылы қайта қосу және бұрандалы қосылыстан тығынды алып тастау, тиісті актілерді толтыру;
- Тұрғын үйлердің, коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындардың тұрмыстық газ есептегіштерін рұқсат қағаздарынсыз пломбалау бойынша жұмыстарды орындау, тиісті актілерді толтыру;
- Жұмыстарды орындауға қажетті материалдарды, арнайы киімді, жеке қорғаныс құралдарын алу, құралдардың бар-жоғын және жарамдылығын тексеру;
- Тұтынушылардың өтінімдері бойынша жұмыстарды орындауға қажетті пломбаларды және басқа да материалдарды алу;
- Барлық қауіпсіздік талаптары мен еңбекті қорғау ережелерін сақтай отырып, слесарлық жұмыстарды орындау;
- Кіріс кранын бастапқы және қайталама қосу кезінде барлық бұрандалы және дәнекер қосылыстарды бөлшектеу, ауыстыру және майлау, тығыздықты тексеру;
- Газды тұрмыста қауіпсіз пайдалану туралы абонентке нұсқау беру;
- Газ шаруашылығында монтаждау және қауіпсіздік ережелерінің қолданыстағы нормативтерін бұзушылықтарды анықтау кезінде тиісті акт жасау;
- Өндірістік тапсырмаларды орындау туралы тізімді шебер мен сервистік қызмет бастығына ұсыну;
- Өзінің тікелей басшысының жеке қызметтік тапсырмаларын орындау;
- Сервистік қызметтің қаржы-шаруашылық қызметі профилі бойынша басшылықтың жеке тапсырмаларын орындау.
Талаптары:
- Білімі – тиісті мамандық бойынша орта техникалық және кәсіби білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе жалпы орта білім және бекітілген бағдарлама бойынша арнайы дайындық, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;
- сервистік қызметінің газ қондырғыларын пайдалану және жөндеу слесарі өндірістік қауіпсіздік бойынша білімін тексеру туралы куәлікке, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімін тексеру сертификатына ие болуы тиіс.
- Еңбек шарты негізінде
Ұқсас вакансиялар
Экономика және тарифты құру бөлімінің бас маманы
«QazaqGaz Aimaq» АҚ Шымкент өндірістік филиалы | Еңбекпен толық қамтылу
| Шымкент қ.
16.04.2026 | 1352
Газ учаскесінің бақылаушысы
«QazaqGaz Aimaq» АҚ Шымкент өндірістік филиалы | Еңбекпен толық қамтылу
| Шымкент қ.
15.04.2026 | 15844
Инженер по охране труда и технике безопасности (сектор аутстаффинг)
«QazaqGaz барлау және өндіру» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Тараз қ.
21.04.2026 | 1338