«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы Инфрақұрылым қауіпсіздігі департаментінің әдіснамасы мен талдауы бойынша функционалдық бағыттың менеджері (15 грейд)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Қызметін Дирекция үйлестіретін Компанияның құрылымдық бөлімшелері мен филиалдарында поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша профилактикалық жұмыстарды және техникалық аудиттерді, кенеттен тексерулерді жүргізуді ұйымдастырады;
- қозғалыс қауіпсіздігінің жай-күйіне талдау жасайды (айлық, тоқсандық, жартыжылдық, жылдық) жағдайларды жіктей отырып, қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылу себептерін көрсете отырып және қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуының алдын алу бойынша ұсыныстар әзірлей отырып;
- дирекцияның құрылымдық бөлімшелері мен филиалдарында поездар қозғалысы қауіпсіздігінің деңгейін арттыруға бағытталған ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды, техникалық құралдарды енгізу іс-шараларын әзірлеуге, жасауға және олардың орындалуын талдауға қатысады;
- дирекцияда поездар қозғалысы қауіпсіздігі бойынша тексеру нәтижелері бойынша жедел және селекторлық кеңестер өткізуді ұйымдастырады;
- поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, Компанияның құрылымдық бөлімшелерімен, басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
- дирекцияның филиалдарының, құрылымдық бөлімшелерінің поездар қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға және бұзушылықтардың қайталануына жол бермеуге бағытталған шаруашылықтарды қысқы кезеңде жұмысқа дайындау жөніндегі ескертулерді жоюды, көктемгі және күзгі тексерулерді жинақтауды, орындауын талдауды бақылауды жүзеге асырады;
- дирекцияның құрылымдық бөлімшелері басшыларының поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыруға жеке қатысу нормативтерін орындауына мониторинг жүргізу.
- Білімі: жоғары;
- Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (көтеру-көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтары, вагондар); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); Автоматтандыру және басқару; құрылыс (темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы); Электр энергетикасы;
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл жұмыс.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы
Ұқсас вакансиялар

