Бақылау-ұйымдастыру жұмысы және сыртқы байланыстар департаментінің сыртқы байланыстар және хаттама бөлімінің бастығы
«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Талаптар:
Білім:
- Жоғары (халықаралық қатынастар/құқықтық/экономикалық). Магистр дәрежесінің, тиісті лауазым бейіні/менеджмент/экономика/қаржы/MBA/басқа дәрежесінің болуы (жақсырақ)
Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс тәжірибесі:
- Халықаралық ынтымақтастықта және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылда кемінде 6 жыл, оның ішінде кемінде 3 жыл
Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі:
- Халықаралық ынтымақтастықта және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылда басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл, оның ішінде кемінде 2 жыл
Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білім:
- Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласының ерекшелігін білу;
- Статистикалық, талдамалық ақпаратты жинау және өңдеу әдістерін білу;
- Қазақстан Республикасындағы заңнамалық және атқарушы биліктің жұмыс істеу ерекшеліктерін, ведомствоаралық қатынастардың ерекшеліктерін түсіну;
- Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттар, келісімдер және өзге де Ресми құжаттар саласындағы білім;
- Корпоративтік басқару жүйесінің негіздерін түсіну;
- Хаттамалық-ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, этикет нормалары және хаттамалық рәсім саласында;
- Мемлекеттік және шет тілдерін білу;
- Тәуекелдерді басқару жүйесі мен ҚМГ ішкі бақылау жүйесінің негіздері саласында;
- Сапа менеджментінің, қоршаған ортаны қорғаудың, денсаулықты қорғаудың, еңбек қауіпсіздігінің интеграцияланған жүйесі саласында;
- Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесі саласында.
Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті дағдылар:
- Ақпаратты жинау, жүйелеу, талдау және жалпылау;
- Келіссөздер жүргізу;
- Ресми (іскерлік) хат алмасу;
- Заманауи технологиялар мен коммуникация құралдарын пайдалану;
- Еңбекті ұйымдастыру және басқару, жұмысты жоспарлау және тікелей бағыныстағы қызметкерлер арасында міндеттерді бөлу;
- Ұйымдастырушылық қабілеттер мен көшбасшылық қасиеттер;
- Стратегиялық ойлау және аналитикалық қабілеттер.
Осы лауазымдағы функционалдық міндеттері:
- Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының және "Самұрық-Қазына "ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ тапсырмаларының орындалуын, оның ішінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының және "Самұрық-Қазына "ұлттық әл-ауқат қоры"АҚ-ның осы тапсырмалары мен сауалдарына жауап хат дайындау және жіберу процесін бақылайды және үйлестіреді;
- ҚМГ Басқарма төрағасының және аппарат басшысының тапсырмасы бойынша баяндамалар, презентациялар, баяндамалар жобаларын, сондай-ақ ақпараттық-анықтамалық материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына ұсыну үшін ақпараттық-анықтамалық материалдарды дайындау процесінде ҚМГ құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылды бақылайды және үйлестіреді;
- Қазақстан Республикасы басшылығының шет мемлекеттерге ресми сапарларының, Қазақстан Республикасы басшылығының өңірлерге баруының және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің жоспарлы сипаттағы басқа да құжаттарының қорытындылары бойынша берілген тапсырмалардың орындалуы туралы ақпаратты дайындауды, олардың орындалуына мониторингті жүзеге асыруды бақылайды және үйлестіреді;
- Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мұнай-газ кеңесінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің төрағалығымен мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстарына ақпараттық-анықтамалық материалдарды дайындауды бақылайды және үйлестіреді;
- Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, "Самұрық-Қазына "ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ және Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарына ұсыну үшін халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша ақпараттарды дайындауды бақылайды және үйлестіреді;
- ҚМГ қатысу мәселелері бойынша Департаменттің қызметін бақылайды және үйлестіреді:
- Қазақстан Республикасының мемлекетаралық ынтымақтастығында,
- Үкіметаралық комиссиялар мен шет мемлекеттермен ынтымақтастық жөніндегі комитеттердің жұмысында,
- Ел ішінде және шетелде ірі халықаралық іс-шараларда (конференциялар, форумдар).
- Жұмыс сапарларын, ҚМГ Басқарма төрағасының шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың және шетелдік компаниялардың өкілдерімен кездесулері мен келіссөздерін хаттамалық-ұйымдастырушылық және ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз етуді бақылайды және үйлестіреді;
- Департамент құзыреті шеңберінде "Самұрық-Қазына "ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ, ҚМГ ЕТҰ-мен өзара іс-қимыл жасауға жауапты;
- Департаменттің күнтізбелік жұмыс жоспарының уақтылы және толық орындалуына жауап береді.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр