«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Павлодар ЖТ бөлімшесі» филиалы (НОД-3) Павлодар пайдалану локомотив депосының Павлодар станциясының локомотивтерге техникалық қызмет көрсету цехының (ТЧЭ-18) аға шебері

354580 - 369004
ТЧЭ-18 ПАВЛОДАРСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ЛОКОМОТИВНОЕ ДЕПО 2 группы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
495

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • ТҚ-2 техникалық қызмет көрсетуді жүргізуді бақылау және ұйымдастыру;
  • ТҚҰ цехы бойынша жөндеу технологиясының барлық тексерулеріне қатысады;
  • қызмет шеңбері бойынша номенклатуралық істерге (тізбеге) сәйкес актілердің барлық жазбаларын жүргізу;
  • жұмыс сапасының нашарлауына әкелетін себептерді жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге тікелей қатысу;
  • Қазақстан Республикасының нормативтік актілеріне серіктестіктің жергілікті актілеріне сәйкес жұмысшылардың, жабдықтар мен аспаптардың жай-күйінің, сондай-ақ экологиялық талаптардың сақталуына бақылауды жүзеге асыру.;
  • циклдік және циклден тыс жұмыстарды орындау кезінде локомотивтерді қарау және жөндеу бойынша слесарларға құралдар мен қосалқы бөлшектерді беруді және қабылдауды жүзеге асыру;
  • жетекшілік ететін бөлімшелерге деректерді Енгізу ақпаратты регламенттелген есептілік нысандары түрінде ұсынуды жедел жүзеге асыру;
  • жұмысшылардың еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қағидаларын, өндірістік және еңбек тәртіптерін, ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын сақтауын бақылау, ұжымда өзара көмек көрсету жағдайына ықпал ету, жұмысшылардың жауапкершілік сезімін және сапалы орындауға мүдделілігін дамыту;
  • еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өндірістік санитария, жабдықтарды техникалық пайдалану қағидаларын орындау бойынша жұмысшыларға өндірістік нұсқама жүргізу;
  • жылжымалы құрамды жөндеу бойынша слесарларды жұмыс процесінде дұрыс орналастыруды қамтамасыз ету, олардың технологиялық процестің сақталуын бақылау, олардың бұзылу себептерін жедел анықтау және жою;
  • слесарлар штаты әртүрлі себептермен (іссапар, демалыс, уақытша еңбекке жарамсыздық және т.б.) жасақталмаған жағдайда, жоқ слесарьдың ТҚ-2-де циклдік жұмыстар жүргізу жөніндегі міндеттерін орындайды.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялар (локомотивтер және локомотив шаруашылығы)
  • Жұмыс тәжірибесі: кемінде 3 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы