«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалының бас инженері - «Магистральдық желі дирекциясы»

Жалақы көрсетілмеген
"ҚТЖ" ҰҚ" АҚ "Магистральдық желі дирекциясы" филиалы Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
157

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • Дирекция үйлестіретін компания филиалдарының кешенді дамуын қамтамасыз ететін техникалық саясатты әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, экология, энергия менеджменті, азаматтық қорғаныс бойынша менеджмент жүйесінің мониторингін, талдауын ұйымдастырады;
  • жаңа теміржол желілерін салу жөніндегі іс-шараларды іске асыруды қамтамасыз етеді; қолданыстағы және жаңа кірме жолдардағы тасымалдау көлемін ұлғайту кезінде магистральдық теміржол желісі объектілерін дамытуға жеке ұйымдардың қатысуы туралы келісімдерді әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
  • теміржол учаскелерін жаңғыртуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы қарайды және келіседі;
  • магистральдық теміржол желісі объектілерінде басқарудың автоматтандырылған жүйелерін, жаңа техника мен озық технологияларды енгізу жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
  • ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйі, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бөлігінде көктемгі және күзгі комиссиялық тексерулердің жүргізілуіне жұмысты ұйымдастырады және іріктеп бақылауды қамтамасыз етеді.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары;
  • Саладағы мамандығы: Құрылыс (темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы; Көпірлер мен көлік тоннельдері); Көлік, көлік техникасы және технологиялары; көтеру-көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану; Автоматтандыру және басқару, Радиотехника, электроника және телекоммуникация, Теміржол көлігіндегі Автоматика,телемеханика және байланыс, Радиобайланыс және радиохабар тарату; Электр энергетикасы; автоматтандыру және басқару; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі);
  • Жұмыс тәжірибесі: кемінде 7 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда қызмет бейіні бойынша кемінде 5 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы