«Қазынашылық және Корпоративтік Қаржы» департаментінің бас менеджері
«Самұрық - Энерго» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Қызметтік міндеттері:
1. Қоғамның және оның ЕТҰ-ларының қарыздары мен кепілдіктерінің тізілімін жүргізу үшін ЕБЖ-ның белгіленген нысандарына сәйкес ЕТҰ бойынша деректерді жинайды, жүйелейді және өңдейді;
- Инвестициялық жобалар бойынша қорытындыларды және ЕТҰ-ны қаржыландыру бойынша анықтамалар дайындайды;
- Қазақстан Республикасының бақылаушы және реттеуші органдарына Департаменттің құзыретіндегі ақпаратты жинау мен ұсынуды ұйымдастырады.
- Қадағалайтын ЕТҰ-ның инвестициялық жобаларын қаржыландыруды ұйымдастырады.
- Департамент құзыреті шеңберінде «Самұрық-Қазына» АҚ ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес есептілікті уақтылы ұсынуды жүзеге асырады.
- Қаржылық көмектің, болашақ қарыздар мен кепілдіктердің Қоғамның қаржылық жағдайына әсерін талдайды және кредиттік Комитетке ұсынымдар дайындайды.
- Қадағалайтын ЕТҰ бойынша қаржылық көмек, қарыз, кепілдік беру туралы мәселе бойынша Қоғамның (ЕТҰ) Кредит комитетінің, Басқармасының, Директорлар кеңесінің қарауына материалдар дайындайды.
- Қадағалайтын ЕТҰ бойынша қарыз шарттары, кепілдіктер, қаржылық көмек және облигациялар бойынша міндеттемелердің орындалуына мониторинг жүргізеді.
- Валюталық, пайыздық, қаржылық кредиттік тәуекелді азайту бойынша ұсыныстар енгізеді.
- Қадағалайтын баптар бойынша, атап айтқанда, қарыздар мен қаржыландыруға шығыстарға қатысты Даму жоспарының көрсеткіштерін орындау бойынша басқарушылық есепті қалыптастырады.
- Шарттар бойынша төлемдер мониторингін жүзеге асырады және қажетті құжаттар мен есептерді жауапты құрылымдық бөлімшелерге уақтылы ұсынады.
- Департаменттің желілік папкасын департамент қызметкерлерінің жұмыста пайдалануы үшін жаңартылған анықтамалармен, қорытындылармен, нормативтік құжаттармен, ІНҚ-мен, іс-шаралар жоспарларымен толықтырады.
- ERP Қазынашылық және Корпоративтік қаржы жүйелерін енгізуге қатысады.
- Қоғам тобы бойынша капитал компоненттерін лимиттеу әдіснамасын ендіреді.
- ТМД елдерінің ұқсас саладағы салыстырмалы компаниялары бойынша капиталды басқару көрсеткіштеріне тұрақты бенчмаркинг жүргізеді.
- Қоғам тобы капиталының оңтайлы құрылымын анықтайды және қалыптастырады.
- Шоғырландырылған құрылымға және капиталды пайдалану тиімділігінің көрсеткіштеріне қаржы тарту тиімділігінің әсерін бағалайды.
- Капиталды басқарудың аралық және нақты көрсеткіштерін есептейді.
- Капиталдың құрылымы мен басқару көрсеткіштеріне сыртқы және ішкі салыстырмалы талдау жасайды.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
- Жоғары кәсіби білім (қаржылық, бухгалтерлік және экономикалық).
- Қаржы, бухгалтерия, экономика саласындағы сертификаттарының болғаны дұрыс (ACCA,CFA).
- Кәсіби тәжірибесі қызмет бейініне сәйкес кемінде 5 жыл.
- Қаржылық модельдеу тәжірибесінің болуы, оның ішінде ХҚЕС стандарттарына сәйкестігін ескере отырып, жобаларды қаржыландырудың оңтайлы құрылымын айқындау және Даму жоспарларын қалыптастыру мақсаттары үшін;
- Несиелік құжаттаманың шарттарына сәйкес ковенантты есептеу және талдау тәжірибесі, ковенанттың орындалуын болжау тәжірибесі;
- Корпоративтік қаржыландыру және қазынашылық операциялар бағыты бойынша әдістерді, құралдарды білу;
- Жаһандық салалық трендтерді білу, нарық конъюнктурасын, қорландыру құнына макроэкономикалық факторлардың әсерін түсіну;
- Инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қаржыландыруды тарту тәжірибесі.
- «Самұрық-Қазына» АҚ тобында жұмыс тәжірибесі болғаны жөн.
- Дербес компьютерді қолдана білу дағдылары Word, Excel, Internet, құжат айналымының электрондық жүйесі, 1С, SAP
- Тілдерді білу деңгейі:
Орыс - еркін меңгеру;
Қазақ – білгені дұрыс;
Ағылшын – еркін меңгеру.
НҚА білу:
Акционерлік Қоғам туралы ҚР заңы
Электрэнергетика туралы ҚР заңы
Ұлттық әл-ауқат қоры туралы ҚР заңы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ҚР заңы
Төлемдер және төлем жүйелері туралы ҚР заңы
Қажетті қабілеттер
- Знание и понимание структуры бизнеса энергетических компаний;
- Знание методов, инструментов по направлению корпоративного финансирования и казначейских операций
- Опыт привлечения финансирования для реализации инвестиционных проектов.