Лауазымдық жауапкершілік:
БӨ 4-разрядты аппаратшысы орындай білуі тиіс:
- «Whiting» пешінде балқыту, СМЖ-3,5 пешінде қайта балқыту процесін жүргізу;
- балқыту үшін материал дайындау;
- берілген құрам бойынша шихта жасау;
- материалдарды пештерге, реакторларға, бактарға беру және толтыру;
- температураны бақылау;
- технологиялық жабдыққа қызмет көрсету және оны жөндеуге қатысу;
- ерітінділерді айдау.
БӨ 5-разрядты аппаратшысы қосымша орындай білуі тиіс:
- пештерді балқытуға дайындау, пештерді іске қосу және тоқтату;
- технологиялық процестерді жүргізудің ұтымды режимін қамтамасыз ету;
- балқыту өнімдерінің, отқа төзімді материалдардың сапасын, жекелеген операцияларды жүргізу уақытын анықтау;
- технологиялық жабдыққа қызмет көрсету, оның техникалық жай-күйін бақылау;
- сынама алуды жүргізу.
БӨ 6-разрядты аппаратшысы қосымша орындай білуі тиіс:
- пештер мен қосалқы жабдықтарды басқару;
- бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері мен талдау деректері бойынша пештердің жұмыс режимін реттеу, айналым материалдарын қосу арқылы процестерді түзету;
- балқытуға дайындығын анықтау;
- жабдықтың жұмыс көрсеткіштерін жазу;
- келесі ауысым үшін қалыпты жұмысты қамтамасыз ету;
- шығарылатын өнімнің сапасын бақылау.Білім:
жалпы орта және кәсіптік даярлықтан төмен емесДағдылар:
БӨ 4-разрядты аппаратшысы білуі тиіс:
-қызмет көрсетілетін жабдықтардың, тиеу-түсіру механизмдерінің және басқа жабдықтардың құрылысы;
- ауа, газ, бу, су және басқа коммуникациялардың схемалары;
- химия негіздері, балқыту өнімдерінің негізгі қасиеттері;
- балқыту өнімдеріндегі металды алуға және оның құрамына әсер ететін факторлар;
- пештерді жөндеу технологиясы;
- дайын өнімге мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар;
- өндірістік процестердің технологиясы.
БӨ 5-разрядты аппаратшысы білуі тиіс (қосымша):
- шихта компоненттері мен балқыту өнімдерінің сапасына қойылатын талаптар;
- технологиялық операциялардың химиялық реакциялары;
- жұмыстағы ақауларды анықтау және жою әдістері;
- пештерді іске қосу және тоқтату ережелері;
- отқа төзімді материалдардың түрлері мен қасиеттері;
- пешке шихтаны тиеу кестесі, өндірістік процестің температуралық режимі;
- өнімнің ақауының алдын алу тәсілдері;
- дайын өнімнің құрамы мен қасиеттері.
БӨ 6-разрядты аппаратшысы білуі тиіс (қосымша):
- қызмет көрсетілетін жабдықтың конструктивтік ерекшеліктері;
- құбырлар мен газ құбырларының схемалары;
- технологиялық процестің барысына әсер ететін факторлар;
- пештердің өнімділігі;
- шикізат пен балқыту өнімдеріндегі металдың құрамын анықтау тәсілдері;
- химия және металлургия негіздері;
- дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар
БӨ 4,5,6 разрядты аппаратшысы қосымша білуі тиіс:
- «ҮМЗ» АҚ-да өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі нормативтік актілерде қолданылатын талаптар;
- жеке қорғаныс құралдарын пайдалану ережелері;
- «ҮМЗ» АҚ қолданылатын менеджмент жүйесінің талаптары (МЖЖ, ҚОМЖ, ДҚжЕҚҚМЖ, ЭНМЖ);
- «ҮМЗ» АҚ еңбек тәртібі ережесі;
- ҚР еңбек заңнамасының негіздері;
- Өндіріс экономикасы.Қосымша:
Еңбек жағдайларының сипаттамасы: адам ағзасына қышқылдар мен сілтілердің зиянды әсерінен болатын зиянды еңбек жағдайлары; адам ағзасына бериллий мен оның қосылыстарының өте зиянды әсерінен болатын 1-дәрежелі зиянды еңбек жағдайлары.
Жұмыс режимі және демалыс: жұмыс және демалыс тәртібі:
аптасына 36 сағат және демалыс күндері сенбі және жексенбі немесе бекітілген ауысым кестесіне сәйкес
Еңбек ақы мөлшері: 4 разряд 141 372 теңгеден бастап 293 149 теңгеге дейін;
5 разряд 155 509 теңгеден бастап 322 464 теңгеге дейін;
6 разряд 178 836 теңгеден бастап 312 785 теңгеге дейін.Білетін тілдер:
-