«ҚазТрансОйл» АҚ Батыс операторлық қызметтер көрсету басқармасының «Атырау» АҚКП-нің автомобильдерді жөндеу слесарі (Атырау қ.)

«ҚазТрансОйл» АҚ Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
872

   Конкурс туралы

Міндеттері:

1) Автомобильдердің күрделі  агрегаттары, тораптары мен аспаптарын реттеу және стендтер мен шассиде сынау және оларды техникалық қызмет көрсету кезінде ауыстыру. Электржабдықтың бөлшектері мен тораптарын тексеру аппаратурасында және тексеру айлабұйымдарында тексеру. Электржабдықтың агрегаттары мен аспаптарын  сұлба бойынша қондыру, оларды желіге қосу. Электржабдықтың аспаптары мен автомобильдердің агрегаттары, тораптарын жөндеу, жинау және сынау үдерісінде орын алған күрделі ақауларды және жарамсыздықтарды анықтау және жою. Күрделі сілесірлік өңдеу, бөлшектерді 6-7 квалитет  бойынша жетілдіру. Күрделі конфигурациялы бөлшектер мен тораптарды статикалық және динамикалық теңгеру. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жеңіл және жүк автомобильдері мен автобустардың агрегаттары мен жүйелерін диагностикалау және реттеу.

2)технологиялық жабдықты жөндеу бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын сапалы орындау, өз жұмыс орнын, жабдықты, құрал-сайманды, аспаптарды жұмысқа уақытында дайындау және жинау, сондай-ақ оларды тиісті күйде күтіп ұстау;

3)механизмдерді қолданып, аса күрделі ірі габаритті, бірегей, эксперименттік және тәжірибелік жабдықты, агрегаттар мен машиналарды жөндеу, жинақтау, бөлшектеу, сынау және ретке келтіру. Жабдықты пайдалану және жөндеу барысында тексеру кезінде ақауларды анықтау және жою. Жөнделген жабдықты дәлдікке тексеру және жүктемелі сынау;

4) жөнделетін жабдықтың, агрегаттар мен машиналардың құрылымдық ерекшеліктері, кинематикалық және гидравликалық сұлбалары; жөндеуге техникалық шарттар, сорға агрегаттар біліктерін жөндеу, жинау, жинақтау, өстестігін дәлдікке тексеру әдістері және жөнделген жабдықты сынау мен пайдалануға тапсыру;

5) бөлшектенетін жабдықтың қалған бөлшектерінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін және олардың өздігінен құлауын немесе толық жабдықтың тұрақсыздығын жоғалуын болдырмайтын, тораптар мен бөлшектерді бөлшектеу жүйелілігін сақтау;

6) металл технологиясы; аса күрделі және өте қиын тораптарды қалпына келтіру тәсілдері; жұмыс істейтін жабдықтың бөлшектеріне, тораптарына, механизмдеріне рұқсат етілетін жүктемелер және сынақты, коррозиялық тозу мен апаттарды болдырмау бойынша профилактикалық шаралар; жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйелері;

7) нақты тапсырманы алғаннан кейін жұмысты бастау, жұмыстарды учаске бастығымен, шебермен жүктелім арқылы рәсімдеу, жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша нұсқамалықты алу;

8) рұқсат-жүктелімдер және  от жұмыстарына жазбаша рұқсат қағаздар бойынша қауіптілігі жоғары және газ қауіпті жұмыстарды жұмыстарды қауіпсіз жүргізу үшін жауапты тұлғасыз бастамау және жүргізбеу;

9) майлау-сырлау жұмыстары кезінде тез жанғыш және ыстық сұйықтықтармен, тасымал электрлік және электр арқылы жылу беретін аспаптармен (электр бұрғы, өнеркәсіптік фен, электрлік адарлағыш машинка, электрлік дәнекерлегіш), қайрағыш, бұрғылайтан білдекте, сілесірлік және гидравликалық құрал-сайманмен жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау;

10) еңбек қауіпсіздігі мен қорғау, жабдықты пайдалану, өрт қауіпсіздігі, жұмыс орнындағы өндірістік санитария және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша талаптарды сақтау.

 

Талаптары:

Орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім.

B, C, D, E рұқсат етілген санаты бар жүргізуші куәлігі.

Тракторшы машинист (доңғалақты және шынжыр табанды базада) өткен оқуы бойынша куәлік.

 «Өрт-техникалық минимум» өтке оқуы бойынша куәлік.

«Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» өткен оқуы бойынша куәлік. 

 

Шарттары:

Зиянды факторларсыз, қалыпты еңбек жағдайлары.

5-күндік жұмыс аптасында 8-сағаттық жұмыс күні.

ҚР Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын ресімдеу.

Медициналық сақтандыру.

Оқыту және кәсіби даму.

Ұжымдық шартқа сәйкес әлеуметтік пакет.

Кәсіби ұжым.

Жұмыс орны: Атырау облысы, Атырау қ., Орал тас жолының 5 шақ..

Қажетті қабілеттер

  • Ремонт и обслуживание автомобилей

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Орташа білім
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)

Бағыттар бойынша сертификаттардың бар болуы қажет

  • Қауіпсіздік техникасы
  • Өндіріс