«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Көпсалалы қызмет көрсету орталығы» филиалы бизнес-талдау департаменті Ақтөбе өңірлік бөлімінің инженері

от 387531
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Многофункциональный центр обслуживания» Ақтөбе қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
15

Қаралған саны:
271

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Қызмет жасау барысында статистикалық есептерді құрастырудың  қолданыстағы әдістемесінің сақталуына жүйелі бақылау жүргізу. ДУ-10 үлгісіндегі есептік сағатқа қозғалыстағы жүк пойыздарындағы жүк вагондарының саны туралы және ДУ-16 үлгісіндегі жүк паркінің баланс саны  мен бос вагондар саны жөніндедегі кітаптарға мәлімет толтыру. ДО-2, ДО-15 үлгісіндегі статистикалық есептерді жинау және жасау.
  • статистикалық есептер пен ақпараттық құрылымдағы жүк вагондарының саны, жұмысы және қолданылуындағы көрсеткіштердің айырмашылығына бақылау жүргізу, станциялармен келген және тапсырылған пойыздар, жүк вагондары және контейлер туралы ақпаратпен тексеру жүргізу, ЦДАЦ жасайтын ДО-1, ДО-2, ГО-1, ГО-2, ГО-3 үлгісіндегі статистикалық есептерге тексеру жүргізу.
  • жүк вагондары , бағыттарға тиелген жүк вагондары, ақаулы вагондар жөнінде ДО-2, ДО-15, ВО-1 үлгісіндегі статистикалық есептер мен ақпараттық құрылымдағы көрсеткіштерге талдау жасау.
  • вагондар мен контейнерлердің  жалпысанақтық және жол санағына қатысу, станциялардан шұғыл санақ нәтижесін жинауды жүзеге асыру.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: Жоғары; 
  • Мамандығы: Автоматтандыру және басқару; Ақпараттық жүйелер; Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Логистика (салалар бойынша); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану; Экономика; Қаржы; Есеп және аудит; Менеджмент және/немесе теміржол мамандықтары;
  • Жұмыс өтілі: Теміржол көлігі саласындағы мамандығы бойынша кемінде 2 жыл жұмыс істеген;  

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы