«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Көпсалалы қызмет көрсету орталығы» филиалы бизнес-талдау департаментінің бизнес-талдау және статистикалық есептілік жөніндегі функционалдық бағыттың менеджері (15 грейд)

от 482846
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Многофункциональный центр обслуживания» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
21

Қаралған саны:
128

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Халықаралық ұйымдармен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен теміржол көлігі бойынша өзара іс-қимыл шеңберінде пайдалану қызметінің көрсеткіштері туралы ақпаратты қалыптастырады және ұсынады;
  • жүк және жолаушылар тасымалы туралы ақпаратты қалыптастырады және Қоғамның құрылымдық бөлімшелеріне, еншілес ұйымдарына, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына және басқа да мүдделі тараптарға ұсынады;
  • қоғам компаниялар тобының бөлімшелерінен АГО-6д, АГО-6к, АГО-6л, АГО-11, АГО-20 және АГО-21 нысандары бойынша жиынтық статистикалық есептерді жинауды және жасауды жүзеге асырады;
  • қоғам мен НОДГП бойынша жүк тиеу және тасымалдау көрсеткіштеріне статистикалық талдау жүргізеді;
  • жүк және жолаушылар тасымалы көрсеткіштерінің статистикалық есебі, теңіз портының техникалық жарақтандырылуы, қозғалыс шаруашылығы, жолаушылар, материалдық-складтық, сумен жабдықтау, жүк және коммерциялық жұмыс бойынша статистикалық есеп нысандары альбомдарына өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
  • қоғамның «Пайдалану қызметінің және техникалық жарақтандырылудың статистикалық шолуы» атты жылдық анықтамалығын және басқа да құжаттарды қалыптастыруды жүзеге асырады.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: Жоғары;
  • Мамандық: Экономика, Менеджмент, Есеп және аудит, Қаржы, Маркетинг, Статистика, Әлемдік экономика, Автоматтандыру және басқару, Көлік және көлік техникасы мен технологиялары, Тасымалдау қозғалысын ұйымдастыру және көлікті пайдалану, Ақпараттық жүйелер және/немесе басқа теміржол мамандықтары.
  • Жалпы жұмыс тәжірибесі: мамандығы бойынша 2 жылдан кемінде жұмыс атқару.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы