Релелік қорғау және электр автоматика қызметінің инженері

Жалақы көрсетілмеген
"KEGOC" АҚ Ақтөбе қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
10

Қаралған саны:
1739

   Конкурс туралы

Міндеттері:
1)Өзіне бекітілген қосалқы станциялардағы РҚА құрылғыларының техникалық жағдайы мен пайдалану деңгейін бақылайды;

2) Қолданыстағы ережелердің, бағдарламалардың, нұсқаулықтардың, директивалардың, апатқа қарсы нұсқаухаттар мен ақпараттық хабарламалардың орындалуын бақылайды және ұйымдастырады;

3) РҚА бойынша техникалық құжаттаманың болуын және жағдайын, қорғаныс пен автоматиканың дұрыс пайдалануын; жедел персоналда және қызметте орналасқан басқа құжаттамаларды (схемалар, орнату картасы және т.б.) бақылайды;

4) Профилактикалық жоспарлы тексерулердің уақытылы болуын бақылайды. Сол жұмыстарды орындау кезінде қатысады.

5) Жаңа технологияны енгізу жөніндегі шараларды жүзеге асыруға, ескірген және ақаулы жабдықты бақылайды және ауыстыруға қатысады;

6) Жедел персоналдың РҚА құрылғыларын пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды зерттеуін ұйымдастырады;

7) Қосалқы станцияларды РҚА құрылғыларының жұмысына арналған нұсқаулықтармен қамтамасыз етеді;

8) Актөбе ЖЭТ филиалының қосалқы станциясында жаңадан орнатылған РҚА құрылғыларын қосқанда қажетті кеңестер береді, техникалық мәселелерді шешуге, монтаждау-іске қосу ұйымдарының өкілдері орындайтын жұмыстар кезінде жеке қатысады;

9) Қосалқы станцияларда релелік қорғау мен автоматика жұмысының барлық жағдайларына талдау жүргізеді;

10) Өндірістегі жазатайым оқиғалар, істен шығулар мен ақаулар жағдайларын тергеуге және талдауға қатысады;

11) Техникалық ақпаратты зерттейді, үздік тәжірибені таратады, жұмыстарды ұйымдастырудың үздік әдістері бойынша шараларды әзірлеуге және енгізуге қатысады;

12) Жобалау ұйымдары жүргізетін РҚА құрылғыларының жобаларын қарастырады және ескертулер береді;

13) Қосалқы станцияларда РҚА құрылғыларының жай-күйін, қабаттасулардың дұрыс орналасуын, РҚА ауыстырып қосу құрылғыларын және олардың электр жабдықтарының жұмыс схемалары мен режимдеріне сәйкестігін тексереді;

14) Қызмет басшылығымен келісе отырып, оған бекітілген қосалқы станция үшін РҚА, МжБЖ жабдықтарын пайдалануға жұмсалатын шығындар бөлігінде бюджетті қалыптастырады;

- SAP ERP өнімді жүйесіне бюджет бойынша деректерді енгізеді.

- SAP ERP өнімді жүйесіндегі ТМҚ есептен шығарады;

15)  Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті мөлшерде мемлекеттік тілді білу.

Талаптар:

  • жоғары энергетикалық
  • профиль бойынша жұмыс тәжірибесі: жұмыс өтіліне талап қойылмайды
  • электр қауіпсіздігі бойынша біліктілік тобы IV топтан төмен емес
  • MS office, Outlook, Lotus Notes; SAP тәжірибелі қолданушысы
  • қазақ, орыс тілдерін білу.

 Шарты:

Түйіндемені қабылдау 2021 жылдың 27 қыркүйегіне дейін қоса алғанда жүргізіледі.