"Құқықтық қамтамасыз ету» департаментінің бас менеджері
«Самұрық - Энерго» АҚ Астана қ.- Құрылған күні:
-
09.04.2025
- Берілген өтінім:
- 60
- Қаралған саны:
- 1051
- қадағалайтын инвестициялық жобаларды құқықтық сүйемелдеу шеңберінде құқықтық сараптама, талдау жасайды және шарттардың, меморандумдардың, келісімдердің, оның ішінде құпиялылық туралы келісімдердің; бірлескен қызмет және келісімшарттарды дамыту туралы келісімдердің (JDA); бірлескен кәсіпорын туралы келісімдердің (JVA); акционерлер келісімдерінің (SHA); EPC-келісімшарттардың (жобалауға, жеткізуге және құрылыс салуға арналған келісімшарттардың) және олардан туындайтын мәмілелердің жобаларын; ҚР Энергетика министрлігімен жасалатын инвестициялық келісімдерді, Бірыңғай сатып алушымен (ЕАҚО) жасалатын шарттарды, уәкілетті мемлекеттік органдармен және ұйымдармен жасалатын өзге де келісімдерді/шарттарды; сенімгерлік басқару шарттарын, заңды тұлғалардағы Қоғамның/ЕТҰ-ның акцияларын (қатысу үлестерін) сатып алу-сату шарттарын; кредиттік шарттарды, қарыз беру туралы шарттарды, қамтамасыз ету шарттарын, шарттар отандық және халықаралық қаржы институттарымен, банктермен, кредиттік ұйымдармен кепілдікті шарттарды; шарттардың өзге де түрлерін, оларға қосымша келісімдерді және өзге де мәмілелерді келіседі;
- қадағалайтын инвестициялық жобалар шеңберінде жобаларды іске асыру мақсаты үшін консультанттарды тартуға қатысады (техникалық шарттарды, техникалық тапсырмаларды, шарттар жобаларын әзірлеу/келісу, шарттардың орындалуын бақылау және т.б.) консультациялық ұйымдар мен сыртқы аудиторлардың есептерінің жобаларын қарауға Департаменттің қатысу нәтижелері бойынша ұсыныстар мен ескертулер дайындайды және береді;
- қадағалайтын инвестициялық жобалар шеңберінде жобаларды іске асыру мақсаты үшін мемлекеттік органдардың, кредиторлардың қажетті келісімдерін алуда құқықтық қызмет көрсетеді;
- қадағалайтын инвестициялық жобалар бойынша бірлескен кәсіпорындарды қайта ұйымдастыруды, сондай-ақ Қоғамның және ЕТҰ-ның бірлескен кәсіпорындардағы қатысу үлестерін сатуды (иеліктен шығаруды) барлық құжаттаманы, барлық мәмілелерді, оның ішінде M&А-ны әзірлеу, қарау, келісу арқылы толық құқықтық қызмет көрсетеді;
- қадағалайтын инвестициялық жобалар шеңберінде объектілерді пайдалануға бергенге дейін жобаларды сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
- ұлттық және шетелдік заңнамаға, төрелік қағидаларына сәйкес Қоғам мен ЕТҰ қатысатын сот/төрелік процестерге қатысады, даулар туындаған жағдайда қадағалайтын инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттік, сот/төрелік органдарда Қоғамның және ЕТҰ-ның құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша шағымдар, талап-арыздар, пікірлер, жауаптар, қорытындылар мен ұсынымдар жасайды;
- қадағалайтын инвестициялық жобаларды құқықтық сүйемелдеу аясында жұмыс шеңберінде құрылымдық бөлімшелер сұрататын ақпарат пен құжаттарды жинайды, өңдейді, жинақтайды және ұсынады, салыстырмалы кестелерді, түсіндірме жазбаларды, анықтамаларды жасайды, заң қорытындыларын ұсынады;
- қадағалайтын инвестициялық жобалар бойынша Қоғамға/ЕТҰ-ға қатысты қаржы-шаруашылық қызметті (Due diligence) кешенді заңдық тексеру және тексеру рәсімдерін жүргізуге қатысады;
- инвестициялық жобаларды іске асыру, сондай-ақ көрсетілген мақсат үшін кредиттік ресурстарды/жобалық қаржыландыруды тарту мақсатында инвесторлармен, ҚР мемлекеттік органдарымен, отандық және халықаралық қаржы институттарымен, банктермен, шетелдік компаниялармен Қоғаммен/ЕТҰ-мен ықтимал ынтымақтастық мәселелері бойынша жұмыс шеңберінде құқықтық сараптама жүргізеді және құжаттардың жобаларын келіседі;
- қадағалайтын инвестициялық жобалар шеңберінде Қоғамның және/немесе оның еншілес ұйымдарының қатысуымен бірлескен кәсіпорындардың құрылтай құжаттарының /шарттардың, жарғыларының жобаларына және еншілес ұйымдар органдарының бірлескен кәсіпорындарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату, сондай-ақ тіркеуші органда тіркеу/ қайта ұйымдастыру/тарату мәселелері бойынша шешімдерінің жобаларына құқықтық сараптама жүргізеді;
- қадағалайтын инвестициялық жобалар шеңберінде директорлар кеңестерінің/байқаушы кеңестердің, Жалғыз акционердің/Жалғыз қатысушының немесе Акционерлердің жалпы жиналысының/Қоғамның еншілес ұйымдары қатысушыларының жалпы жиналысы шешімдерінің ҚР заңнамасының, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның, Қоғамның және Қоғамның еншілес ұйымдарының ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан құқықтық сараптама жасайды;
- басшылықтың тапсырмасы бойынша қадағалайтың инвестициялық жобалар шеңберінде контрагенттер өкілдерімен кездесулерге, конференцияларға және келіссөздерге қатысады, талқылау процесінде құқықтық сипаттағы ұсыныстар мен ескертулер әзірлейді және көрсетілген отырыстарда тиісті ұстаныммен сөз сөйлейді;
- қадағалайтын инвестициялық жобалар шеңберінде Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің және оның еншілес ұйымдарының басшылығынан, мемлекеттік органдардан, өзге де заңды және жеке тұлғалардан Қоғамның инвестициялық қызметіне қатысты мәселелер бойынша келіп түскен өтініштер мен сұрау салуларды қарау нәтижелері бойынша жауаптар мен құқықтық қорытындылар береді;
- қадағалайтын инвестициялық жобалар шеңберінде құқықтық мәселелер қамтылған сыртқы бастамашылық шығыс құжаттарының жобаларын белгіленген тәртіппен келіседі;
- қадағалайтын инвестициялық жобалар шеңберінде уәкілетті мемлекеттік органдардың, прокуратура органдарының, құқық қорғау органдарының, «Самұрық-Қазына» АҚ және басқа да тексеруші субъектілердің тексеру нәтижелері бойынша дайындалған тексеру актілерін, ұсынымдарды, нұсқамаларды және басқа да құжаттарды қарауға қатысады, тиісті хаттарда Қоғамның/ЕТҰ көрсетілген тексерулердің нәтижелеріне, жоғарыда көрсетілген тексеруші субъектілердің хабарламаларына /нұсқамаларына және өзге де актілеріне жауаптар дайындайды;
- Қоғам басшылығындағы өндірістік, аппараттық кеңестердің, «Самұрық-Қазына» АҚ-дағы, Қазақстан Республикасы Энергетика
министрлігіндегі кеңестердің хаттамаларында көзделген тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді;
- қадағалайтын инвестициялық жобалар шеңберінде директорлар кеңестерінің/байқаушы кеңестердің, Жалғыз акционердің/Жалғыз қатысушының немесе Акционерлердің жалпы жиналысының/Қоғамның еншілес ұйымдары қатысушыларының жалпы жиналысының шешімдеріне ҚР заңнамасының, «Самұрық-Қазына» АҚ, Қоғамның және Қоғамның еншілес ұйымдарының ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан құқықтық сараптаманы жүзеге асырады;
- қадағалайтын инвестициялық жобалар шеңберінде қызметтік тергеулерге қатысады, қызметтік тергеулерге қатысу шеңберінде құжаттарды қарайды, құқықтық сараптама жүргізеді және қызметтік тергеулер жүргізу нәтижелері бойынша актілерге белгіленген тәртіппен қол қояды;
- ҚР заңнамасына, жетекшілік ететін инвестициялық жобалар бойынша халықаралық келісімдерге өзгерістер/толықтырулар енгізу, мұндай ұсыныстарды жұмыс топтарында, мемлекеттік органдарда, ҚР Парламентінде ілгерілету бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысады.
Үміткерлерге қойылатын талаптар;
- Жоғары заңдық білім
- Кәсіптік саладағы практикалық жұмыс өтілі қызмет бейініне сәйкес кемінде 5 жыл, оның ішінде инвестициялық жобаларды құқықтық сүйемелдеу саласында кемінде 2 (екі) жыл
- Инвестициялық жобаларды құқықтық сүйемелдеу тәжірибесі.
- Қазақстан Республикасының Қоғамның қызметін реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу.
- Халықаралық заңнаманы білгені жөн.
- Мемлекеттік және ағылшын тілдерін білу.
- Соттарда, ұйымдарда, мемлекеттік органдарда компанияның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету дағдылары.
- Инвесторлармен, халықаралық қаржы институттарымен, даму институттарымен, банктермен келіссөздер жүргізу тәжірибесі.
- ҚР заңнамасының талаптарына және Компанияның ішкі стандарттарына сәйкестігі тұрғысынан құжаттарға құқықтық сараптама жүргізу дағдылары.
- Ауқымды ақпарат көлемін талдау және жүйелеу, қалыптасқан проблемалық жағдайларды шешудің неғұрлым тиімді, ұтымды тәсілдерін айқындау және білікті сараптамалық қорытынды дайындау дағдылары.
- Тиімді келіссөздер жүргізу дағдылары (сендіру қабілеті, өзара тиімділікті іздеуге бағдар ұстау).
- Заң консультанттарымен өзара іс-қимыл дағдылары.
- Іскерлік хат алмасу дағдылары;
- Жобалық басқару бойынша білім мен дағдылар;
- FIDIC құрылыс келісімшарттарын дайындау және талдау (білгені дұрыс)
Қажетті қабілеттер
- 1) Опыт правового сопровождения инвестиционных проектов
- 3) Предпочтительно наличие знаний международного законодательства
- 4) Знание государственного и английского языков
- 9) Навыки ведения эффективных переговоров (умение убеждать, ориентация на поиск обоюдной выгоды).
- 10) Навыки взаимодействия с юридическими консультантами.
- 11) Навыки деловой переписки
- 12) Знания и навыки проектного управления
- ) Практика подготовки и анализа (желательно знание) строительных контрактов FIDIC
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
Ұқсас вакансиялар


