«Жалпы қызмет көрсету орталығы» филиалының қаржылық есептілікті консолидациялау және аудитті жүргізу бөлімінің бас менеджері
«Қазпошта» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
- Құрылған күні:
-
10.04.2025
- Берілген өтінім:
- 5
- Қаралған саны:
- 427
Міндеттері:
- 1. Деректердің дұрыстығын, толықтығын, объективтілігін бағалау шеңберінде
- Қоғамның айналым-сальдолық ведомостасын қалыптастыру, белгіленген мерзімдерде консолидациялау және ақпаратты Қоғамның мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне уақтылы жеткізу;
- халықаралық аудит стандарттарына сәйкес әзірленген аудит процедураларын орындау негізінде бақылау-талдау процедураларын жүргізу: аналитикалық тест және жүйеден жүктеулерді тестілеу, транзакцияларды түсіндіру, және таңдау негізінде анықталған бастапқы құжаттар, т.б.;
- қаржылық есептілік формаларына және оларға қосымша түсіндірмелерге ақпаратты ұсыну және ашу, міндеттемелер мен құқықтардың бар-жоғын, бағалауды, математикалық дәлдігін/дұрыстығын тексеру;
- бақылау-талдау процедураларын жүргізу үшін есептерді автоматтандыру;
2. Қаржылық есептіліктің сыртқы аудитін жүргізу процесін қолдау шеңберінде
- сыртқы аудиторларға қаржылық есептіліктің жеке және консолидацияланған аудиті шеңберінде сапалы жауаптар, дұрыс құжаттар мен ақпараттарды уақтылы ұсыну бойынша өзара әрекеттестікті үйлестіру;
- жыл сайынғы қаржылық есептілікті аудиттеу кезінде бизнес-менеджерлердің сыртқы аудиторларға қаржылық ақпаратты уақтылы ұсынуын бақылау;
3. Сыртқы аудитормен ескертулерді жою бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мониторингін тұрақты жүргізу шеңберінде
- сыртқы аудиторлық компанияның ұсыныстарын орындау бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу процесін үйлестіру және іс-шаралардың орындалуын бақылау;
- жылдық қаржылық есептілікті аудиттеу кезінде сыртқы аудиторлардың ұсыныстары бойынша іс-шаралар жоспарын орындауды қамтамасыз ету;
- Комитеттер мен комиссияларға, Басқарма мен Директорлар Кеңесіне қарау үшін материалдарды дайындау.
4. Ана компанияға есептілікті және сұралған мәліметтерді уақтылы ұсыну шеңберінде:
- «Қаржылық есептіліктің егжей-тегжейлі талдауы» есебін уақтылы дайындау және ұсыну;
- сыртқы аудиторлардың ұсыныстары бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есепті сұрау бойынша уақтылы ұсыну;
- сұрау бойынша басқа ақпаратты уақтылы ұсыну.
5. Басқа функциялар
- Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің, басқа ведомстволардың, жоғары тұрған, бақылаушы реттеуші органдар мен ұйымдардың хаттарына және сұрауларына жауаптарды дайындау.
Талаптар:
- Бухгалтерлік есеп және аудит және/немесе экономика және/немесе қаржы саласында жоғары және/немесе орта арнайы білім.
«ДипИФР» сертификаты және/немесе РК кәсіби бухгалтері болуы артықшылық. - Бухгалтерлік есеп және/немесе экономика және/немесе қаржы және/немесе аудит және/немесе салық есебінде кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі.
Орта арнайы білім болған жағдайда, жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл.
Шарттар:
- 5 күндік жұмыс аптасы, 09.00-ден 18.00-ге дейін 8 сағаттық жұмыс күні, түскі үзіліс – 13.00-ден 14.00-ге дейін
Ұқсас вакансиялар

Қарыз алу және инвесторлармен жұмыс департаментінің бас менеджері (16 грейд)
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
18.04.2025 | 418
Жалақы көрсетілмеген

Экономика және тарифқұру бөлімінің бас маманы
"QAZAQGAZ AIMAQ" АҚ Маңғыстау өндірістік филиалы | Еңбекпен толық қамтылу
| Ақтау қ.
15.04.2025 | 4573