Лауазымдық жауапкершілік:
«ҮМЗ» АҚ-да әзірленетін стандарттау жөніндегі құжаттардың, менеджмент жүйесінің құжаттарының белгіленген талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізеді;
Стандарттау жөніндегі құжаттар қорын және менеджмент жүйесінің құжаттарын жинақтауды, оларды тіркеуді, есепке алуды, өзгерістер енгізуді, сақтауды жүзеге асырады;
Пайдаланушыларды стандарттау жөніндегі құжаттармен, менеджмент жүйесінің құжаттарымен қамтамасыз етеді;
Ұйымның өндірілетін өнімге арналған стандарттарын әзірлеуге қатысады (олардың түпкілікті редакциясын ресімдеу бөлігінде);
Стандарттау жөніндегі құжаттарының, менеджмент жүйесінің құжаттарының жобаларын қарау жөніндегі келісу кеңестеріне қатысады:
Пікір жазуға жіберілетін құжаттардың жобаларын қарауға қатысады, осы жобалар бойынша қорытынды ресімдейді;
Стандарттау жөніндегі құжаттарды, менеджмент жүйесінің құжаттарын өзгерту туралы ұсыныстар әзірлейді;
Ұйым стандарттарын тексеру (қайта қарау) жоспар-кестелерінің жобаларын, нормативтік және басшылық құжаттардың жобаларын (өз құзыреті саласында) әзірлейді;
Стандарттау жөніндегі құжаттарды, менеджмент жүйесінің құжаттарын қолданысқа енгізу туралы бұйрықтардың жобаларын ресімдейді және оларды енгізу жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар жоспарларын дайындауға қатысады;
Стандарттау жөніндегі құжаттарды, менеджмент жүйесінің құжаттарын әзірлеуде және қолдануда әдістемелік көмек көрсетеді;
Білім:
Жоғары Дағдылар:
Инженер (санаты жоқ) - талаптар қойылмайды /
II және I санатты инженер - стандарттау саласындағы уәкілетті орган берген құжаттармен расталған арнайы дайындық. Қауіпсіздік талаптарын, мемлекеттік және қызметтік құпияларды сақтау талаптарын, құпия ақпаратты, ақпараттық қауіпсіздікті, қолжетімділікті бақылауды және ішкі объект режимін, еңбек және өндірістік тәртіпті білу.
Қосымша:
Инженер (санаты жоқ) – ДЭЕМ және ұйымдастыру техникасын пайдаланушы деңгейінде меңгеруі /
II санатты инженер - ДЭЕМ және ұйымдастыру техникасын пайдаланушы деңгейінде меңгеруі. «УМЗ» АҚ басқару жүйесіне құжаттарды әзірлеу мүмкіндігі /
I санатты инженер – БТДиС ОСК II санатындағы инженер ретінде кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі. «ҮМЗ» АҚ басқару жүйесіне құжаттарды әзірлеу мүмкіндігі. Техникалық регламенттер мен стандарттар жобалары бойынша тексерулер жүргізу және қорытындылар беру мүмкіндігі
Білетін тілдер:
-