Экономика және тарифқұру бөлімінің бас маманы
"QAZAQGAZ AIMAQ" АҚ Маңғыстау өндірістік филиалы Ақтау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Филиал бюджетін әзірлеу және мониторингілеу:
- филиал бюджетінің жобасын әзірлеуге қатысу;
- қоғам белгілеген нысандар бойынша бюджеттің атқарылуы бойынша есептілікті қалыптастыруға қатысу;
- басшылық шешім қабылдаған және қаражатты жұмсаудың негізділігі жағдайында бюджетке түзетулер енгізу;
- реттелетін қызметке тауарлық газды тасымалдау тарифінің жобасын қалыптастыру және түзету, тауарлық газды бөлшек саудада өткізу бойынша
- қызметтер көрсетуге арналған шығыстар сметасының жобасын қалыптастыру,
- сондай-ақ инвестициялық бағдарламаларды қалыптастыру және түзету
реттеліп көрсетілетін қызметке тауарлық газды тасымалдауға арналған тариф пен тарифтік сметаның жобасын, тауарлық газды бөлшек саудада өткізу бойынша қызметтер көрсетуге арналған шығыстар сметасының жобасын және инвестициялық бағдарламаларды қалыптастыруға қатысу; - реттеліп көрсетілетін қызметке тауарлық газды тасымалдау жөніндегі тарифтік сметаның және инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы түзетуді және есепті қалыптастыруға қатысу;
- еңбекақы төлеуді басқару:
- персонал санының нормативін есептеу
- еңбек туралы есептерді қалыптастыру;
- сыйақылар бойынша резервті есептеу (есепті кезеңдегі жұмыс қорытындылары бойынша, еңбекақы төлеуге арналған қаражатты үнемдеу есебінен).
Талаптар:
Жоғары кәсіптік (экономикалық) білімі және экономист лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.ЭжТҚ бөлімінің бас маманы өз қызметінде орындалатын жұмыстар көлемінде мынадай құжаттарды басшылыққа алуы тиіс:
- ҚР Конституциясы;
- ҚР Еңбек кодексі;
- "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы"ҚР Заңы;
- "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 204-VI Заңымен;
- "Газ және газбен жабдықтау туралы"Қазақстан Республикасының Заңымен;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы №90 бұйрығымен бекітілген тарифтерді қалыптастыру қағидалары;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығымен бекітілген қоғамдық маңызы бар нарықтардағы баға белгілеу қағидаларымен;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларымен
Шарттар:
- Жұмыс кестесі 5/2
- Әлеуметтік пакет
- Медициналық сақтандыру
Ұқсас вакансиялар

Инженер (кеңесші 1С, аутстаффинг секторы)
«ҚМГ- Құмкөл» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Ақтау қ.
18.04.2025 | 1621
«KTZ Express» АҚ филиалының экономика бөлімінің бас маманы – «KTZE Commerce» АҚ «KTZ Express»
филиал АО «KTZ Express» - «KTZE Commerce» | Еңбекпен толық қамтылу
| Алматы қ.
20.04.2025 | 497
от 466676