"Энергоинформ" АҚ Құқықтық сүймеледеу департаментінің директоры
Энергоинформ Астана қ.- Құрылған күні:
-
15.04.2025
- Берілген өтінім:
- 29
- Қаралған саны:
- 531
Міндеттері:
- Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің жұмысына басшылықты жүзеге асырады; ҚР заңнамасын қолдануға байланысты мәселелер бойынша бұйрықтар мен өкімдер жобаларына, мемлекеттік органдарға хаттар жобаларына құқықтық сараптама жүргізеді және ұйымдастырады.
- Қоғам Басқарма төрағасының бұйрықтары мен өкімдерінің жобаларын әзірлейді.
- Дебиторлармен және кредиторлармен жұмыс жөніндегі комитеттің, бюджет комитетінің, тәуекелдер жөніндегі комитеттің жұмысына қатысады, құрылтай құжаттарын өзектендіру жұмыстарын жүргізеді.
- Қоғамның құрылтай құжаттарын өзектендіру бойынша жұмыс жүргізеді.
- Тендерлік құжаттамаға, шарттар мен келісімдердің жобаларына олардың заңнамаға сәйкестігіне құқықтық сараптама ұйымдастырады және жүргізеді.
- Талап-арыз жұмысының уақтылы және сапалы жүргізілуін, айыппұл санкцияларының уақтылы өндірілуін бақылайды.
- қоғамда жасалатын шарттар мен келісімдерді әзірлеуге қатысады.
- шарттар мен келісімдердің жобаларының ҚР заңнамасына және қоғамның заңды мүдделеріне сәйкестігіне құқықтық сараптама жүргізеді және ұйымдастырады.
- Контрагенттер өз міндеттемелерін бұзған жағдайда шарттарда көзделген айыппұл санкцияларын уақтылы өндіріп алу жөнінде шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді.
- сотта, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдарда құқықтық мәселелерді қарау кезінде қоғамның мүдделерін белгіленген тәртіппен ұйымдастырады және білдіреді.
- қоғамның пайдасына шығарылған сот шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
- Құжат айналымы мен аудармаларды бақылауды және ұйымдастыруды жүзеге асырады.
- Басқарма төрағасымен бірлесіп отырыстарды өткізу кестесімен басқарма жұмыс жоспарының жобасын әзірлейді, Басқарма отырыстарының күн тәртібінің жобаларын дайындайды, Басқарма отырыстарын хаттамалайды.
- Басқарма отырыстарының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарды тиісінше дайындауды қамтамасыз етеді.
- Заңнама, жарғы және қоғамның ІІД талаптарына сәйкес Басқарма отырыстарын хаттамалайды.
- Басқарма шешімдерін қоғамның тиісті органдары мен лауазымды адамдарына жібереді.
- Басқарма мүшелерінің сырттай дауыс беруі үшін бюллетеньдер дайындайды.
- Басқарма отырысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша дауыс беру қорытындысын шығарады.
- Жоғары заң білімі;
- Еңбек өтілі 5 жылдан кем емес;
- Басқарушылық және кәсіби қасиеттерге ие болу, бағыныштыларды ынталандыру және дамыту.