«Кедентранссервис» АҚ Корпоративтік хатшы

Жалақы көрсетілмеген
АО «Кедентранссервис» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
37

Қаралған саны:
1116

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Директорлар кеңесінің және оның комитеттерінің отырыстарын ұйымдастыру ( оның ішінде күн тәртібін қалыптастыру, құрылымдық бөлімшелердің материалдарды уақтылы дайындауын ұйымдастыру, хаттамаларды жүргізу)
  • компанияның лауазымды адамдарына Директорлар Кеңесі қабылдаған шешімдер туралы ақпаратты жеткізу, олардың орындалуын бақылау;
  • компания органдары мен лауазымды тұлғаларының корпоративтік басқару саласындағы заңнаманы сақтауына мониторинг жүргізу;
  • корпоративтік басқару саясаты мен практикасын әзірлеуге, сақтауға қатысу; Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшелерін лауазымға енгізуді ұйымдастыру;
  • Директорлар кеңесінің жұмыс жоспарын, отырыстарды өткізу кестесін әзірлеу; үлестес тұлғалардың есебін жүргізу және оны уәкілетті органға ұсыну;
  • қоғам туралы ақпараттың уақтылы ашылуын бақылау;
  • Бағалы қағаздар эмиссиясы проспектісіне өзгерістер мен толықтырулардың уақтылы енгізілуін ұйымдастыру және бақылау.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары(немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Мамандығы: Құқықтану, Менеджмент.
  • Жұмыс тәжірибесі: корпоративтік құқық саласында кемінде 7 жыл.

Қосымша талаптар:
  • Міндетті: корпоративтік басқару немесе корпоративтік құқық саласында сертификаттардың болуы.
  • ҚР корпоративтік құқық саласындағы заңнамасын білу; Азаматтық кодекс, "Акционерлік қоғамдар туралы", "Бағалы қағаздар нарығы туралы" ҚР Заңдары, акционерлердің құқықтарын, бағалы қағаздардың эмиссиясы мен айналысы тәртібін айқындайтын өзге де нормативтік актілер;
  • еңбек, монополияға қарсы, әкімшілік және салық заңнамасының, сот практикасының негіздері;
  • ақ органдарының өзара іс-қимыл ережесі; қазақ және орыс тілдерін еркін меңгерген.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр