Газды дайындау және тасымалдау цехының 3 дәрежелі операторы - 2 бірлік

«Қазгермұнай» БК» ЖШС Қызылорда қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
61

Қаралған саны:
1567

   Конкурс туралы
"Қазгермұнай" БК " ЖШС Газды дайындау және тасымалдау цехының 3 дәрежелі операторы бос орнына үміткерлерді іздестіруді жариялайды-2 бірлік.
3-дәрежелі технологиялық қондырғылар операторына қойылатын біліктілік талаптары:  

Арнайы білім мен дағдылар:
  • білімі  - орта кәсіптік;
  • Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық актілерін, ГДжТЦ өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты әдістемелік және басқа материалдарды білу;  
  • ГДжТЦ жабдығына қызмет көрсету технологиясы мен талаптарын білу;
  • ГДжТЦ жабдығының мақсатын, құрамын, құрылымын, жұмыс принциптерін, монтаждау шарттарын білу;
  • өндірістік мақсаттағы жабдықтарды техникалық пайдалану қағидаларын білу;
  •  ГДжТЦ жабдықтарын жоспарлы-алдын алу жөндеудің және ұтымды пайдаланудың бірыңғай жүйесін білу;  
  • ГДжТЦ жабдықтарын монтаждау, реттеу, баптау және жөндеу әдістерін білу;
  • Жабдықты жөндеуге тапсыру және жөндеуден кейін қабылдау қағидаларын білу;
  • кәсіпорын өнімдерін өндіру технологиясының негіздерін білу;
  • технологиялық процестерді, қызмет көрсетілетін қондырғылардың схемалары мен карталарын білу;
  • ГДжТЦ технологиялық процесін реттеу ережелерін білу;
  • бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты мен жұмыс принциптерін білу;
  • шикізаттың, реагенттердің, алынатын өнімдердің, қолданылатын материалдардың физика-химиялық қасиеттерін білу;
  • слесарлық істің негіздерін білу.  
Жалпы білім мен дағдылар:
  • еңбек тәртібі ережелерін білу;
  • Төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимыл схемасын білу;
  • еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын білу.