Екібастұз қ. "KEGOC" АҚ "Солтүстік ЖЭТ" филиалының Өндірістік-техникалық қызметінің Телекоммуникациялық жабдықты жөндеу және қызмет көрсету тобының жетекші инженері
1) Телекоммуникациялық және ақпараттық жүйелердің (ТК және АТ) жабдықтарына пайдалану-техникалық қызмет көрсетуді, ТК және АТ жабдықтарының жұмысындағы ескертулерді уақтылы жоюды, «Энергоинформ» акционерлік қоғамның Солтүстік филиалы персоналының жұмыстарды орындау сапасын бақылауды жүзеге асырады. (бұдан әрі – «Энергоинформ» АҚ СФ);
2) Филиал жабдықтарында жоспарлы-профилактикалық жұмыстардың уақтылы орындалуын және жүргізілуін бақылайды;
3) жаңа ТК және АТ (диспетчерлік басқарудың автоматтандырылған жүйелері, есептеу техникасы, бағдарламалық қамтамасыз ету, диспетчерлік және технологиялық басқару құралдары) жобалауға және қолданыстағыларын қайта жаңартуға арналған техникалық тапсырмаларды талдауды жүзеге асырады;
4) Филиалдың ТК және АТ-сы үшін негізгі құралдарды (бұдан әрі - НҚ) қабылдау жөніндегі комиссияның жұмысына қатысады;
5) күрделі құрылыс объектілерін қабылдау, ТК және АТ жабдықтарын жөндеу жөніндегі комиссияның жұмысына қатысады;
6) ТК және АТ саласындағы Филиалды дамытудың перспективалық жоспарларын әзірлеуге қатысады;
7) жабдықтарды жөндеу үшін жабдықтарға, материалдарға, қосалқы бөлшектерге жылдық өтінімдер жасауды үйлестіреді;
8) Филиалдың құрылымдық бөлімшелеріне диспетчерлік басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің жабдықтарын, есептеу техникасын, олардың қосалқы бөлшектері мен материалдарын жеткізуді жинақтауға байланысты техникалық мәселелерді білікті тұрғыдан талқылауда көмек көрсетеді;
9) ақпараттық жүйеге кіретін және Филиалда пайдаланылатын қолданбалы және кеңселік бағдарламалық қамтамасыз етуді сүйемелдеуді бақылайды;
10) жабдықтарға, материалдарға, қосалқы бөлшектерге, өлшеу аппаратурасына жылдық өтінімдерді жасау жөніндегі жұмыстарды бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
11) Материалдық-техникалық жабдықтау және шаруашылық қамтамасыз ету қызметімен және Бухгалтериямен «Энергоинформ» АҚ СФ үшін қорлардың түрлері бойынша алынған НҚ-ды кіріске алу және бөлу бойынша жұмысты жүзеге асырады;
12) «Энергоинформ» АҚ СФ үшін орталық қоймадан НҚ-ды ішкі орын ауыстыруға үзінді көшірмені жүзеге асырады;
13) «Энергоинформ» АҚ СФ жауапты қызметкеріне НҚ-ды тапсыруды жүзеге асырады;
14) филиал мен Бухгалтерия басшылығына «Энергоинформ» АҚ СФ бойынша жыл ішінде алынған НҚ және қойма қорларын пайдалану туралы ақпарат дайындайды;
15) бухгалтерияға материалдық есептерді, жабдықтардың, материалдардың, қосалқы бөлшектердің техникалық жай-күйін куәландыру актілерін уақтылы ұсынады;
16) «Энергоинформ» АҚ СФ-мен жөндеу-пайдалану жұмыстарының жоспарларын орындау үшін қойма қорларын игеру бойынша жұмыс істейді;
17) қаржылық позицияларға сәйкес жетекшілік ететін бағыттар бойынша филиалдың кірістері мен шығыстарының бюджет жобасын қалыптастыруға қатысады;
18) қаржылық позицияларға сәйкес жетекшілік ететін бағыттар бойынша Филиалдың кірістері мен шығыстарының бюджетін атқару шарттары елеулі өзгерген жағдайда Қызмет бастығына филиалдың кірістері мен шығыстарының бюджетін түзету жөнінде ұсыныстар береді;
19) қалыптасқан ауытқулардың себептерін түсіндіре отырып, қаржылық позицияларға сәйкес жетекшілік ететін бағыттар бойынша филиалдың кірістері мен шығыстарына бюджеттің атқарылуы бойынша ай сайын Жоспарлау-экономикалық бөлімге (бұдан әрі – ЖЭБ) талдауды ұсынады;
20) жасалған шарттардың нәтижелері бойынша және қойма қорларын игеру/ауытқу себептерін түсіндіре отырып, жұмыстарды немесе қызметтерді орындау бойынша бір жылдағы қаржылық позицияларға сәйкес жетекшілік ететін бағыттар бойынша филиалдың кірістері мен шығыстарының бюджетін игеру болжамын ай сайын ЖЭБ-ке ұсынады;
21) ЖЭБ-ке алдағы қаржы жылына арналған қаржылық позицияларға сәйкес жетекшілік ететін бағыттар бойынша филиалдың кірістері мен шығыстарының бюджет жобасымен филиалдың бекітілген кірістері мен шығыстарына салыстырмалы талдау ұсынады;
22) «System Analysis and Program Development Enterprise Resource Planning» автоматтандырылған басқару жүйесінде жетекшілік ететін бағыт бойынша сатып алуға өтінімдерді енгізуді орындайды;
23) «Энергоинформ» АҚ СФ бойынша құрылымдық бөлімшелерінде НҚ-ды түгендеуге қатысады;
24) профилактикалық пайдалану жұмыстары және ағымдағы пайдалану үшін «Энергоинформ» АҚ СФ-на берілген Филиал объектілеріндегі ТК және АТ жабдықтарын және материалдарды түгендеуге қатысады;
25) «Энергоинформ» АҚ СФ-мен бірлесіп ТК және АТ жабдықтарына қажеттілікті және НҚ-ды есептен шығару бойынша ұсыныстарды қалыптастыру үшін Филиал объектілеріндегі ТК және АТ жабдықтарының жай-күйін қарап тексеруге қатысады;
26) авариялар мен істен шығуларды тергеп-тексеру мониторингін, сондай-ақ ақпараттық технологиялардың жабдықтары мен бағдарламалық-аппараттық кешендерінің істен шығуы бойынша қорытындыларды жүзеге асырады;
27) Филиал қызметінің жекелеген техникалық мәселелері бойынша бұйрықтардың, өкімдердің, қызметтік жазбалардың, хаттардың, нұсқаулардың жобаларын дайындауды жүзеге асырады;
28) РЭҚ-ды пайдалануға рұқсат құжаттарын тіркеу және алу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.
Талаптар:
Білім деңгейі-жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;
Диплом бойынша мамандығы (бағыты) - Электрэнергетика, Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (салалар бойынша), Радиотехника, электроника және телекоммуникация.
Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі - 1-санатты инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы
Ұқсас вакансиялар