«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС - «ЖТ Семей бөлімшесі» филиалының Өскемен локомотив пайдалану депосының локомотивтерге техникалық қызмет көрсету жөніндегі аға шебері

354600 - 370000
ТЧЭ-22 ЗАЩИТИНСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ЛОКОМОТИВНОЕ ДЕПО 1 ГРУППЫ
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
639

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Тікелей бағыныстағы қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін орындауын қамтамасыз етуді қоса алғанда, ТҚҰ қызметкерлеріне жалпы басшылықты жүзеге асыру.
  • Ауысым қызметкерлерінің ТҚ-2(ОЛ), құмды кептіру, салқындатқыш суды дайындау кезінде технологиялық процестің сақталуын бақылауды жүзеге асыру.
  • Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін және олардың сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында кадрлардың дұрыс орналасуын қамтамасыз ету.
  • Локомотивтерде, химиялық су дайындау цехында, құм кептіру қондырғысы цехында және пайдалану локомотив депосының аумағындағы шаруашылық жұмыстарында жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіз тәсілдерді қолдану бойынша жұмыскерлерге (бастапқы, жоспардан тыс, қайталама, нысаналы) оқытады және нұсқамалар жүргізеді.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)/ орта (техникалық және кәсіптік).
  • Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); Жылу энергетикасы; электр энергетикасы; Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар; Көлік құрылысы; машина жасау; аспап жасау/пайдалану, Темір жолдардың жылжымалы құрамын жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша).
  • Жұмыс тәжірибесі: кемінде 2 жыл, оның ішінде шебер (бригадир) лауазымында кемінде 1 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж

Ұқсас вакансиялар

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС - "ЖТ Семей бөлімшесі"филиалының Аягөз пайдалану локомотив депосының Бухгалтерлік есеп бөлімі 1 санатты Бухгалтер
ТЧЭ-25 АЯГОЗКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ЛОКОМОТИВНОЕ ДЕПО | Еңбекпен толық қамтылу | Шығыс Қазақстан облысы
18.12.2025 |  6
301990 - 316410
"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС - "ЖТ Семей бөлімшесі" филиалы Аягөз пайдалану локомотив депосының жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы
ТЧЭ-25 АЯГОЗКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ЛОКОМОТИВНОЕ ДЕПО | Еңбекпен толық қамтылу | Шығыс Қазақстан облысы
18.12.2025 |  8
475160 - 496368
"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Шымкент магистральдық желі бөлімшесі"филиалының Арыс сигнализация және байланыс дистанциясының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология қызметінің жетекші инженері
Арысская дистанция сигнализации и связи | Еңбекпен толық қамтылу | Түркістан облысы
18.12.2025 |  289
385970 - 399543