Бас инженердің орынбасары

«У.Д.Қантаев атындағы Мойнақ су электростанциясы» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
567

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Барлық түрдегі жөндеулердің (капиталды, ағымдағы, кеңейтілген ағымдағы, агрегаттық, зауыттық және т.б.) көлемдерін анықтау және жоспарлау, негізгі, көмекші, электротехникалық, жалпы станциялық және басқа да жабдық топтарының жөндеу жоспарлары мен кестелерін әзірлеу, келісу және бекіту. Персоналмен жұмыс істеу бойынша жылдық жұмыс жоспарын әзірлеу (өндірістік құрылымдық бөлімшелердің ай сайынғы және тоқсандық жұмыс жоспарларын құру бөлігінде). Өндірістің қажетті техникалық даярлық деңгейіне қатысты, соның ішінде өндірістік, конструкторлық және технологиялық құжаттаманы (суреттер, схемалар, есептеулер, негіздемелер, спецификациялар, техникалық шарттар, жұмыстарды ұйымдастыру жобалары, жұмыстарды орындау жобалары, жұмыстарды механизациялау жобалары, лицензияланатын қызмет түрлері бойынша есептер, белгіленген өндірістік бақылау түрлері және т.б.) уақтылы және сапалы дайындау. Негізгі және көмекші жабдықты, машиналар мен механизмдерді пайдалану, техникалық және жөндеу қызмет көрсету бойынша жұмыстардың уақтылығы мен сапасын қамтамасыз ету; Бекітілген инвестициялық бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру; Бекітілген энергия үнемдеу бағдарламаларын жүзеге асыру; Заманауи ақпараттық технологияларды, ақпараттық желілерді және олардың бағдарламалық-техникалық қамтамасыз ету құралдарын, соның ішінде автоматтандырылған басқару жүйелерін, қауіпсіздік пен ақпаратты қорғау құралдарын енгізу;

Талаптар:

  • Квалификациялық талаптар: жоғары кәсіби (техникалық) білім және қызмет саласы бойынша басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл.

    Жұмыс шарттары:

    5 күндік жұмыс аптасы, жұмыс кестесі 9.00-ден 18.00-ге дейін, тұрақты жалақы, медициналық сақтандыру; Мойнак гидроэлектр станциясы Алматы облысында, Кеген ауданында, Жылысай ауылдық округінде, Мойнак кентінде, 81 мекенжайында орналасқан.