«KEGOC» АҚ «ЖО ҰДО» ФИЛИАЛЫ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ РЕЖИМДЕР ҚЫЗМЕТІ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ РЕЖИМДЕР ТОБЫНЫҢ ҚР БІРТҰТАС ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЭЛЕКТР ҚУАТЫНА БОЛЖАМДЫ СҰРАНЫСТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ЖЕТЕКШІ ИНЖЕНЕРІ

от 412200 KZT
«KEGOC» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
42

Қаралған саны:
2112

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттері:

«KEGOC» АҚ филиалдары МЭС және «KEGOC» АҚ филиалы МЭС-тің өңірлік диспетчерлік орталықтарынан (РДЦ) мәліметтер сұрату, көтерме электр энергиясы нарығының субъектілерінен (тұтынушылар, энергиямен жабдықтаушы және энергия жеткізуші ұйымдар мен өнеркәсіптік кешендер) болжамдық өтінімдерді алу және өңдеу;

 

тұтынушылардың болжамдық өтінімдерінің нақты көрсеткіштерге сәйкестігін бақылау;

 

есептік жылдан бұрынғы жылдың бірінші қазанынан кешіктірмей, тұтынушылардың болжамдық өтінімдері негізінде, қажетті электр қуаты резерві мен ұлттық электр желісінің технологиялық шығындарын, өз мұқтаждары мен шаруашылық қажеттіліктерін өтеу үшін қажет орташа жылдық электр қуаты көлемін ескере отырып, алдағы және одан кейінгі күнтізбелік жылдарға электр қуатына болжамды сұранысты әзірлеу;

 

әзірленген электр қуатына болжамды сұранысты жыл сайын 5 қазанға дейін тиісті растайтын материалдармен және есептеулермен бірге Бірыңғай сатып алушыға және уәкілетті органға жіберу;

 

«KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясының трейдинг департаментіне алдағы және одан кейінгі жылға арналған электр энергиясының шығындарын өтеу үшін өз желілеріндегі және шаруашылық қажеттіліктердегі тұтыну бойынша болжамды орташа айлық қуат мөлшерлері мен айлық максималды қуат мөлшерлерін МВт бірлігінде беру;

 

ай сайын «KEGOC» АҚ желілеріндегі нақты шығындар және филиалдардың шаруашылық мұқтаждары туралы деректерді жинап, оларды белгіленген өзара іс-қимыл регламентіне сәйкес трейдинг департаментіне ұсыну;

 

Қазақстанның БЭЖ көтерме тұтынушылары тізіміндегі өзгерістерді есепке алу;

 

филиалдар ұсынған энергия өндіруші ұйымдардың К-4 коэффициентін есептеу нәтижелерін талдау;

 

Филиалдың жылдық есебі мен «KEGOC» АҚ жылдық есебінің тиісті бөлімдерін дайындау;

 

электр қуаты нарығын қалыптастыру мен оның жұмыс істеуі барысы бойынша жедел және есепті анықтамалар дайындау;

 

алдағы жылға арналған электр энергиясының күтілетін баланстарын Қазақстанның энергия тораптары, облыстары және аймақтары бойынша тоқсандық және айлық бөліністе әзірлеуге қатысу;

 

Қызмет жұмысының регламенттерімен белгіленген және басшылықтың тапсырмаларына сәйкес электр қуаты нарығын қалыптастыру және жұмыс істеу бойынша жұмыстарды орындау.

 

Талаптар:

  • Жоғары кәсіби (инженерлік-техникалық) білім;
  • Энергетика саласында кемінде 3 жыл практикалық жұмыс өтілі;
  • Электр қауіпсіздігі бойынша II топтың болуы.

 

 

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  • Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану саласындағы салалық ережелерді, нормаларды және талаптарды, электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелерін білу;
  • Компьютерді пайдаланушы деңгейінде меңгеру;
  • Мемлекеттік тілдегі құжат айналымы жүйесі арқылы келіп түсетін ақпаратты түсіну деңгейінде қабылдау және өз міндеттерін орындауға жеткілікті дәрежеде ұғыну;
  • Көтерме электр энергиясы нарығы субъектілерін және Қазақстан БЭЖ электростанцияларының техникалық сипаттамаларын білу;
  • Қазақстан БЭЖ және оның жекелеген энергия аймақтарының электр энергиясы және қуат балансын пайдалану қабілеті;
  • Командалық жұмыс істей білу.

 

          Түйіндемені қабылдау 2025 жылғы 30 сәуіріне дейінгі мерзімде (қоса алғанда) жүзеге асырылады.

 

 

Қажетті қабілеттер

  • электроэнергетика